7 шілдеде француз орындаушысы, джаз әлемінің жарық жұлдызы Caloé өнер көрсетті!
Caloé (орындаушы есімінің екі буынынан тұратын ерекше лақап аты – Camille-Cloé) Астана күнін мерекелеу аясында Астанада өтетін 2023 Халықаралық джаз музыкасы фестиваліне бара жатқанда сапарында Алматыдағы Everjazz сахнасында екі концерт берді. Оның романтикалық әншілік қабілеті мен сахнадағы ерекше қимылдары - әртүрлі мәдениеттердің қоспасы. Caloé Париждегі жоғары музыка мектебінде опералық вокал сыныбында, сондай-ақ Пьер Бланшардың (Pierre Blanchard) джаз скрипка сыныбында оқып жүргенде өзін джаз әншісі ретінде тіпті елестетіп те көрмеген. Әншінің шығармашылық жолының ерекшелігі де осында. Бірақ, көп ұзамай оның өмірінде джаз басымдық ала бастады және дәл осы музыкалық бағыт орындаушының әрі қарайғы шығармашылық жолын таңдауға әсер етті. Оны скрипкадан мүлдем бас тартып, өзін жаңа музыкалық аспапқа - Дауысқа арнауға мәжбүр етті.
«Мен үшін қазақстандық көрермендердің алдына шығу үлкен мәртебе, сондықтан EverJazz джаз клубының оның сахнасында өнер көрсету туралы ұсынысын қуана қабылдадым. Осы кеште екі концерт қойылды, онда мен Франция мен Еуропа елдеріне гастрольдік сапармен барғандағы сүйікті авторлық композицияларымды орындадым. Концертке келген әр қонақты зор қуанышпен қарсы алдым, өйткені музыка мен орындаушылық жүректен шығады, ал импровизация дегеніміз - құмарлық пен дыбыстардың толқуы», - деп бөлісті өз ойымен Caloé.
Самба мен босс-нованың бесігі Бразилияда, сондай-ақ джаздың отаны Жаңа Орлеан мен Нью-Йоркте Caloé өзінің джаз стилін тауып, әйгілі джаз кернейшісі Ashlin Parker-мен кездеседі (Ellis Marsalis Quintet, New Orleans jazz orchestra et trumpet mafia). Олардың шығармашылық тандемі бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді және жақында олар бірігіп өздерінің алғашқы «Les saisons» дискісін жазды.
Caloé бүкіл Еуропаны аралап, Францияның беделді сахналарында, сондай-ақ шетелде, атап айтсақ, Montreux Jazz Festival, Швейцарияда, Тиват пен Подгорицадағы “Made in NY Jazz festival”, Нью-Йорктегі Tribeca Arts Center, Мексика қаласындағы Zinco Jazz Club, Ослодағы Cosmopolite концерт залында, Стокгольмдегі le Fashing джаз клубында, Riga Jazz Festival және басқа да еуропалық джаз фестивальдерінде өнер көрсетуді жалғастыруда және әрқашан Dave Weckl, Elis Marsalis, Marcus Roberts, Franck Wolf, Ashlin Parker, Hadrien Féraud, Adrien Moignard сияқты танымал және жоғары деңгейдегі музыканттардың ортасынан табылады.
Джаз әуесқойлары әншінің Алматыдағы Everjazz сахнасында клуб мүшелерінің сүйемелдеуімен "Парижден... махаббатпен!” деген атаумен орындалған ХХ ғасырдың ең жақсы джаз хиттерінің француз тіліндегі орындауында романтикалық әуенге бөленді.