Фурманов айналма каналының ұзындығы 52 шақырым болатын бөлігінде механикалық тазалау жұмыстары аяқталды

Фурманов айналма каналының ұзындығы 52 шақырым болатын бөлігінде механикалық тазалау жұмыстары аяқталды

 Жамбыл облысында соңғы 40 жылда алғаш рет Фурманов айналма каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл канал арқылы Шу өзенінің суы Түркістан облысының Созақ ауданына бағытталады. Бүгінде каналдың ұзындығы 52 шақырым болатын бөлігі тазартылды.

 Фурманов айналма каналын тазалау жұмысына арнайы техникалар тартылған. Атап айтқанда, 8 шынжыр табанды экскаватор мен екі тиегіш. Табиғатты қорғау мақсатында су жіберу маусымы басталғанға дейін 70 шақырымнан астам аумақты тазалау жоспарланған.

 Механикалық тазалау жұмыстарының нәтижесінде Шу өзені арқылы жүргізілетін экологиялық су жіберудің тиімділігі артып, Түркістан облысының Созақ ауданындағы экологиялық жағдай жақсарады деп күтіліп отыр. Айта кетейік, былтыр қыркүйектен бастап биыл сәуір айына дейін Шу өзені арқылы Созақ ауданына 1,5 миллиард текше метрден астам су жіберілген болатын.

 Фурманов айналма каналының жалпы ұзындығы – 120 шақырым, ал өткізу қуаты – секундына 45-50 текше метр. Ол Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек елді мекендерінің маңынан өтеді.

 Жергілікті тұрғындар бұл жұмыстардың маңызы зор екенін айтып жатыр.

 «Фурманов айналма каналы біз үшін өте маңызды. Ол малға су беруге, бау-бақша мен жайылымды суаруға пайдаланылады. Қазір каналдың түбі екі метрге дейін тазаланып, жағалаулары қалпына келтіріліп жатыр. Бұл істің маңызы зор. Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен жүргізіліп жатқан жұмыс Сарысу мен Созақ аудандарының тұрғындарына үлкен көмек боларына сенеміз», – дейді Мойынқұм ауданының тұрғыны Темірлан Ақбалаев.

08.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 237
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 248
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 513

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18434
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18293
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33480
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32029
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35799