Жамбыл облысының орталығында бірнеше күн қатарынан жел соғып, жұртты әбігерге түсіруде. Бүгін де тоқтаусыз соққан жел шаһар тұрғындарына біраз кесірін тигізді. Қала бойынша жарық жиі сөніп, бағдаршам да істен шықты. Салдарынан көлік жүргізушілері қай бағытта қозғаларын білмей, жол ортасында үлкен кептеліс пайда болған.
Бейнежазбада байқағандарыңыздай, шаһарда осындай келеңсіздіктер орын алып жатқанда бірде-бір жол полиция қызметкері көмекке келмеген. Есесіне , Төле би және Қойгелді көшелерінің бойындағы осы бір жол кептелісін волонтер жас жігіт бір өзі реттеп тұр.
«Осылай әуре-сарсаңға түсіп жатқанда жол қозғалысын реттеп тұрар гаишниктердің оқиға орнында болмауы қынжылтады» дейді, бейнежазба авторы.
Бейнежазбаға қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті әзірше пікір білдірмеді.
Ақ жол газеті