5 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділікке» арналған семинар-тренинг өткізді. Салтанатты іс-шараға Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшы орынбасарының міндетін атқарушы, «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы – әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Астана қаласы ІІД қызметкері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше, Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы», Астана қаласының «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі, «Адал жүрек» жобасының жетекшісі қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі шаралардың тиімділігі, әлеуметтік көмек пен құқықтықтарын арттыру, сондай-ақ, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайту, құқық нормаларын, адам құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру;
Елімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық науқаны қарқынды өтіп жатқаны белгілі. Тағы айтамыз, іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу. Сондай-ақ осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту және құқықтық тәрбиені насихаттау.
Аталған науқанды 1991 жылы бірінші жаһандық әйелдер көшбасшылығы институтының белсенділері құрған болатын. Әлемдегі барлық ұйым бұл акцияны әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жоюға шақыру мақсатында тиімді пайдаланады. Қазақстанда әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігін қамтамасыз ету және олардың құқығы мен мүмкіндігін кеңейту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі халықаралық және ұлттық серіктестермен тығыз ынтымақтастық іс-әрекеттер жүргізуде. Халықаралық науқан аясында Қазақстанда 100-ге жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар акция шеңберінде зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы белсенді ақпараттық науқан басталды. Осы аралықта әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылады, конференциялар, дөңгелек үстелдер, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында арт-перфоманс және басқа да іс-шаралар өткізу көзделуде.
Елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталғалы біраз болды. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді. Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасауда. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейгені белгілі. Әйеліне қол көтеріп, балаға озбырлық көрсеткендерге Іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет емес. Полиция әлеуметтік желідегі немесе ақпарат құралдарындағы дәлелді негізге ала отырып тергеуді бастай алады.
ОПД жергілікті полиция басқармасының бастығының орынбасары Рауан Альдешов: «Жаңа заңның талабына сәйкес, бүгінгі күнге ҚК 108-1 бабымен 58, 109-1 бабымен 163 қылмыстық іс тіркелсе, оның 100-і әйелдерге қатысты жасалған. Қазіргі таңда 73-і сотқа жолданып, 4-і қысқартылды, қалған 69-на тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жаңа заң күшіне енгеннен кейін, қазір полиция жәбірленушінің арызынсыз құқық бұзушылықтың жасалу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғайды. Сондай-ақ, сот шешімімен берілетін жазалардың санкциясы 5 тәуліктен 25 тәулікке дейін ұзартылды. Заңнамалық өзгерістерден бөлек, жәбірленушілермен жұмыс істеу тәсілдері қайта қаралды. Мұндай қылмыстарды тергеу үшін әйел тергеушілердің мамандануы енгізілді».
Акция аясында Астанада елордалық жоғары оқу орындары арасында чемпионат болып өтті. Іс-шараның ережелері бойынша командалар гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбындағы кейстерді шешуде креативті тәсілді ұсынуы тиіс.
Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы белсенді ақпараттық науқанды бастады. Акция аясында әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылды, сондай-ақ конференциялар, дөңгелек үстелдер, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында арт-перфоманс және басқа да іс-шаралар жоспарланған.
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ (бұдан әрі – «Жанұя» орталығы) көпбалалы, толық емес, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға кешенді кеңес беру қызметтерін көрсету, отбасы институтын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында құрылғанын еске саламыз.