Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық, жомарттық сияқты игі қасиеттер мен іс-қимылдардың алдыдан орын алатын кезеңі. Бұл игілікті айда көмекке мұқтаж адамдарға қолдау, қайырымдылық жасау аса маңызды рөл атқарады. Қайырымдылық — Жамбыл облысы ҚХА қызметінің ажырамас бөлігі. Қандай мейрам, мереке, іс-шара болмасын облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері әрқашан қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып отырады.
Жуырда «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының меценаттары ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық қызметімен Жамбыл облысының 5 ауданы мен Тараз қаласы қамтылды. Атап атсақ, Шу, Меркі, Қордай, Байзақ, Жамбыл аудандарында және облыс орталығында тұратын мұқтаж жандарға жалпы сомасы 2 млн.теңгеге 140 азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық көмек аяқталған жоқ. Өңірлік ассамблеяның мұндай игі істер болашақта да жалғасын табады.