Бұл туралы Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Игілік ауылдық округінің тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде айтты.
Өндіріс ауылдық клубында өткен жиынға ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары мен бірқатар жауапты сала мамандары қатысты. Кездесуді аудандық мәслихаттың төрағасы Асанбай Сейналиев жүргізіп, жұмыс регламенті бойынша әуелі сөз кезегін округ әкімі Жандос Жанайдаровқа берді.
Округте атқарылған жұмыстар бойынша баяндамаға сүйенсек, өткен жылы ауыл шаруалары мембағдарлама аясында лизингке 4 бірлік техника мен қосалқы жабдық сатып алған. Сондай-ақ, «Игілік» ӨК 11,5 млн. теңге субсидияға жайылымдарды суландыру және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша құдық қаздырған. Мұнымен қоса 20 ауыл тұрғыны 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізген.
Есептік жиында аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы Игілік ауындағы атқарылған, әрі жалғасын таба беретін игі істерді қамти отырып, аудандағы шемімін тапқан күрмеулі мәселелерді кеңірек баяндады. Аудан басшысы сарысулытардың көмірден, көгілдір отынға көшетін күнінің де ауылы алыс емес екендігін алға тартты. Ол үшін «Аумақты дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2,2 млрд. теңгеге 8 елді мекенде, оның ішінде Игілік пен Өндірісте газ құбырлары тартылғандығын атап өтті. Екі кезеңнен тұратын ауқымды жоба толық жүзеге асса, 2023 жылы газдандыру шаралары аяқталып қалатындығын айтты.
Баяндама аяқталған соң жарыс сөзде бірінші болып сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қойшыбай Жүсіпалиев аудан басшысынан суармалы жерлерді тегістеу үшін аудандағы ірі кәсіпорындардан белгілі бір мерзімге пайдалануға арнайы техника (грейдер) алып беруге ықпал етуін сұрады. Бұл ретте Марат Қырғызәліұлы ауыл шаруаларының өтініші орындалатынын айтып, ешқандай мәселе тудырмайтынын жеткізді.
Кездесуде келесі сөзді зейнет Мейрамбек Дүрменаев алып, аудан әкімінен Өндіріс ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетіндігін сұрады. Бұл сұраққа жиынға қатысқан аудан әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова жауап берді. Сала маманының айтуынша, аталған клуб ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 4 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары басталып кеткен.