Денсаулық Сақтау Министрлігінің мәліметінше, 29 қарашада 987 адам коронавирус инфекциясынан (–847+ және 140 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 161 пациент стационарда, 826 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 84 жағдай тіркелді.
Ал көршілес Қытай мемлекетінде өткен тәулікте коронавирустың 32 943 жаңа жағдайы анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді. Гуандун, Хэбэй провинцияларында, сондай-ақ орталық Чунцин мен Бейжің қалаларында жұқпалы аурулардың айтарлықтай өсуі байқалды. Бейжіңде қараша айының басынан бері 10 мыңнан астам коронавирус жұқтырғандар анықталып, Қытайдың барлық дерлік аймақтарында коронавирустың таралуының үдеуі мен ұлғаюы тіркелді.
Елімізде КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 8 адамның жағдайы ауыр; 2 пациенттің жағдайы өте ауыр; 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Қазақстанда вакцинаның I компонентін 10 847 465 адам салдырса, II компоненті 10 612 298 адамға егілген. Сондай-ақ 5 660 977 азамат ревакцинациядан өтті.