Инфрақұрылым жаңартылады

Инфрақұрылым жаңартылады

Алматы қаласының Түрксіб шағынауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Ақан сері – Шолохов – Сейфуллин көшесінің аумағында су құбыры мен кәріз жүйесінің құрылысын қамтитын үлкен жоба басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында аудан әкімі осы жұмыстың аяқ алысын баяндады. 

 

 Жоба аясында 18,8 шақырым су құбыры желісі (оның ішінде 6,7 шақ магистральдық және 12,1 шақ абоненттік желі) және 27,9 км кәріз желісі (15,7 км магистральдық және 12,2 км абоненттік желі) салынады. Бұл жоба 1200 абонентке сапалы коммуналдық қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек. Қазылған 50 мың шаршы метр алаңдағы асфальт жабыны қалпына келтіріледі. Құрылыс жұмысы 15 айға созылады.

Осы жылдың соңына дейін «Нижняя Пятилетка», «Қайрат» шағынаудандарында, сондай-ақ Красногорская, Сүйінбай көшесі мен Асылбеков – Соболев – Сарымолдаев аумағында 143,4 шақырым су құбыры мен 53,1 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталады.

Бұған қоса, Тұқай – Норильский – Поддубный – Диксон көшесінің аумағында 9,4 шақырым су құбыры мен 1,1 шақырым кәріз желісінің құрылысы жалғасып жатыр, бұл 2026 жылдың мамыр айында аяқталады. Сонымен қатар жаңа жобалар да әзірленіп жатыр: «Нижняя Пятилетка» шағынауданында екі кәріздік сорғы станциясының құрылысы жоспарланып, жұмыс 2025 жылдың желтоқсанында аяқталмақ. Рысқұлов – Жансүгіров – Шолохов – Сейфуллин көшесінің аумағында желі құрылысына оң сараптама қорытындысы алынған, ал «Нұршашқан» шағынауданындағы қамтылмаған аумақтарға жоба әзірленіп жатыр, оны биылғы қарашада аяқтамақшы.  

«Қазір біз су құбыры мен кәріз жүйелерін жаңарту мен салу жағына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Алдағы жылдары, әсіресе, жеке тұрғын үй құрылысы орналасқан аумақтарды орталықтандырылған кәріз жүйесімен толық қамтуды көздеп отырмыз. Қазіргі уақытта Түрксіб ауданында бес жоба іске асып жатыр. Алдағы 3-4 жылда ауданымыздағы 25 мың жеке тұрғын үй сумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі», – деді Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров.

Осылайша, Түрксіб ауданында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мыңдаған тұрғын үшін сапалы коммуналдық қызметтің кепіліне айналмақ.

 

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА,

Алматы қаласы

 

01.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16530
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16381
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31558
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30175
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33770