Инвестициялық штабта жаңартылатын энергетика бойынша жобалар қаралды

Инвестициялық штабта жаңартылатын энергетика бойынша жобалар қаралды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.

Басқосуда Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Байзақ ауданында 2023 жылы 10 млрд. 808 млн. теңгеге 130 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Өнеркәсіп саласында темір-бетон бұйымдарын, гофрокартоннан жасалған қаптамаларды, түйіршіктелген құрама жемді өндіру, құс етін өңдеу фабрикасын салу бойынша жобалар аяқталуға жақын.

Бұдан әрі Қ.Қорғанбаев баламалы энергетика саласындағы инвестициялық жобалардың іске асу барысы туралы баяндап, бірқатар мәселелерді көтеріп, ЖЭК нысандарын орналастыруға арналған бос жерлер картасын таныстырды.

Ірі жобалардың бірі - Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт жел электр стансасы. Мұндай ірі жел электр станциясының құрылысын Masdar (БАӘ) компаниясы жоспарлауда.

Басқарма басшысы өңірдің инвестициялық тартымдылығы туралы айта келе, Жамбыл облысының Еуропа елдерімен (жылына 1000 - 1100 кВт) салыстырғанда инсоляцияның орташа жылдық әлеуеті (жылына 1500-1600 кВт) жоғары екенін атап өтті.

Облыс әкімі инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейтуді, отандық және шетелдік компанияларға қолдау көрсетуді және өзекті мәселелерді орталық атқарушы органдармен бірлесіп шешуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
05.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 310
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 933

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9006
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8401
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11627
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9384
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10611