Инвестициялық жобалар – бақылауда

Инвестициялық жобалар – бақылауда

Орал қаласында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.   

Осындай жобалар туралы ақпарат алу мақсатында Орал қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жалғас Ғұмаровқа сауалымызды жолдаған едік. Бөлім басшысының мәліметінше, осы жылы 25,3 млрд.теңге сомасына 50 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 1254 жаңа жұмыс орны құрылады. – Қала әкімдігі инвестициялық қызмет, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтер басшыларының және инвесторлардың қатысуымен мерзімді отырыс өткізіп тұрады. Сонымен қатар аумақта инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлардың анықталған проблемалық мәселелерін талдау, олардың ескертулері мен ұсыныстарын қарау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа қала аумағында жоспарланған және іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға үнемі мониторинг жүргізіледі, – деді Жалғас Ахатұлы.

Облыс орталығында іске асырылған ірі жобалар: «Талап» АҚ – бес қабатты емхана құрылысы; «MEDITEK» ЖШС – медициналық орталық; «Квант» ЖШС – логистикалық орталық құрылысы; «West group» ЖШС – кірпіш зауытының құрылысы; «Риа Мир» ЖШС – шолу дөңгелегінің құрылысы; «Alem Group Kazakhstan» ЖШС – спорт кешенінің құрылысы. Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда және инвестициялар тарту мәселесі бақылауға алынған. Жыл басынан бері 2 968 млн. теңге сомасына 193 жұмыс орнын құрумен 11 инвестициялық жоба пайдалануға берілген.

Сондай-ақ Орал қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қосымша ақпарат үшін өткен жылғы көрсеткіштермен де бөлісті. Айталық, 2021 жылы 12,4 млрд. теңге сомасына 658 жұмыс орнын құрумен 32 инвестициялық жоба пайдалануға берілген. 2021 жылдың желтоқсан айында Оралда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 103 152,7 млн. теңгені құраған.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
24.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5443
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5596
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20567
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19195
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22658