Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды

13 мамыр күні Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстанның құрылыс және гидроэнергетика салаларының дамуына зор үлес қосқан көрнекті инженер, тәжірибелі басшы әрі қоғам қайраткері Стахан Белғожаевқа І дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыстады. Бұл – Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін нығайтуға, бейбітшілік пен қоғамдық бірлікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте ерекше көзге түскен азаматтарға табысталатын жоғары мемлекеттік награда.

 

Марапаттау рәсіміне Алматы облысының зиялы қауым өкілдері қатысып, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан Стахан Белғожаевтың жоғары мемлекеттік наградаға ие болуын зор қуанышпен қабылдап, ардақты азаматқа ақжарма тілектерін арнады. 

Айта кетейік, Стахан Белғожаев 1936 жылдың 10 мамырында Алматы облысы, Кеген ауданының Жалауы ауылында дүниеге келген. 1963 жылы Мәскеудегі инженерлік институтты гидроқұрылысшы, архитектор-құрастырушы мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1962 жылы Шардара гидроэлектр стансасының құрылысында бастап, қарапайым инженерлік қызметтен ірі басқарушылық лауазымдарға дейін көтерілді. Өзінің жоғары кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында елдегі стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуына тікелей атсалысты.

Стахан Белғожаевтың қатысуымен Алматы облысында Қапшағай және Мойнақ гидроэлектр стансалары, Бартогай су қоймасы, сондай-ақ Үлкен Алматы каналы секілді республикалық маңызы бар ірі нысандар бой көтерді. Әсіресе, Мойнақ гидроэлектр стансасының құрылысы қайта жанданып, сәтті аяқталуына зор үлес қосты. Сонымен қатар, ол «Мойнақ су электр стансасы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін тоғыз жылға жуық атқарып, стансаның тұрақты дамуына елеулі еңбек сіңірді.

Оның басшылығымен агроөнеркәсіп кешені мен тұрғын үй құрылысы салаларында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, жалпы көлемі 1,5 млн шаршы метрден асатын тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.

Стахан Белғожаев мәдени-тарихи мұраны сақтау мәселелеріне де айрықша көңіл бөліп, тарихи нысандарды қалпына келтіру бастамаларын көтерді. Қоғамдық өмірге белсене араласып, ел дамуына бағытталған түрлі маңызды іс-шаралардың ұйытқысы болып келеді.

Көп жылғы адал еңбегі мен ел дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін ол «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» атағымен марапатталып, «Сократ» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, сондай-ақ Алматы облысының «Құрметті азаматы» мәртебесіне ие болды.

Бүгін, міне, Стахан Белғожаевтың ел игілігі жолындағы еселі еңбегі тағы бір мәрте жоғары бағаланып, оған І дәрежелі «Барыс» ордені табысталды. Бұл – саналы ғұмырын мемлекет дамуына арнаған азаматқа көрсетілген зор құрмет пен халық алғысының айқын көрінісі.

Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы
15.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 27
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 27
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 30
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 25

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25119
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24643
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42065
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37928
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42399