IQanat олимпиадасының 1-кезеңіне еліміздің 166 өңірінен 40 мыңнан астам ауыл оқушылары қатысты. Республика бойынша 17-28 наурыз аралығында өтетін 2-кезеңге 8 мыңнан астам оқушы өтті. Екінші кезеңнің жеңімпаздары 2023 жылдың жазында елордада өтетін ақтық кезеңге жиналады.Финалдың барлық жеңімпаздары Қазақстандағы ең мықты дарындыларды дамыту мектептерінің бірі – IQanat High School of Burabay мектебінде оқу үшін әлеуетті гранттарға ие болады. Барлық жеңімпаздарғаолимпиададан кейінгі 3 жылдық қолдау бағдарламасы, ҰБТ-ға дайындық және қазақстанның, шетелдің үздік жоғары оқу орындарына түсу, ең бастысы ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру курстары: көшбасшылық және it дағдылары, (өзіндік) мотивация, сыни ойлау, функционалдық сауаттылық және т.б.қарастырылған. Жамбыл облысы бойынша олимпиаданың 2-кезеңіне 10 ауданнан барлығы 738 ауыл балалары қатысты және келесі кесте бойынша өткізілді:
- 17 наурыз күні Талас ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия базасында (Талас, Сарысу аудандары – 88 оқушы);
- 20 наурыз күні Меркі ауданы, №9 мектеп-лицей базасында (Меркі, Т.Рысқұлов аудандары – 166 оқушы);
- 24 наурыз күні Қордай ауданы, №51 орта мектеп базасында (Қордай, Шу, Мойынқұм аудандары – 224 оқушы);
- 25 наурыз күні Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің (келісім бойынша) базасында (Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары – 256 оқушы).Олимпиада Жамбыл облысының білім басқармасының және облыс қамқоршысының қолдауымен өткізіледі. Жобаның Жамбыл облысы бойынша қамқоршысы, белгілі қазақстандық ірі кәсіпкер, Kusto Group Pte Ltd директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстандық жарыс федерациясының президенті – Қанат Көпбаев.
IQanat – ауыл балаларын қолдау ниетімен біріккен 100-ден астам қазақстандық кәсіпкерлер қолдау көрсететін республикалық әлеуметтік-білім беру жобасы.Осы бағдарламаның арқасында мыңдаған мектеп оқушылары мотивация мен қосымша білім алады, ал жүздеген оқушы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсуде.