Ірі орталық Қазақстанда ашылатын болды

Ірі орталық  Қазақстанда ашылатын болды

Еліміздің нарығында қытайлықтармен бірлескен жобалардың саны көбейіп келе жатыр. Әрине, шығыстағы көршіміздің экономикалық даму жағындағы қарқыны әлемді таңғалдырып отырғанда, олардың озық тәжірибелерінен үлгі алып, өз мүддемізге пайдалана білсек, артық болмас дер едік. 

Солардың бірі 2 шілде күні Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтында жарық көрген Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының  бірі Қазақстанда ашылатындығы жайлы ақпарат бізді елең еткізді. Хабарда: «Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен YTO Express Co. басқарма төрағасы және негізін қалаушы Ю Вэйцзямен кездесуінде Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының  бірі Қазақстанда ашылатыны мәлім болды. Бұл орталық тауарларды жедел өңдеуді және олардың ЕО, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді. Интеллектуалдық IT-шешімдерді енгізу, логистикалық үдерістерді толық автоматтандыруға және жеткізілімдердің кедендік сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген екен.

Арман Шаққалиев Қазақстандағы электрондық сауда нарығы жыл сайын 20%-ға өсіп, қарқынды дамып келе жатқанын атап өтеді.

– Қытайдың электронды сауда нарығы өзінің ауқымымен таңғалдырады, онда сатылымдардың 70%-дан астамы онлайн жүзеге асырылады. Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуымен халықаралық электронды сауданың негізгі транзиттік аймағына айналуға ұмтылады. «Қазпоштамен» бірлескен Қазақстанда тарату орталығын құру жобасы трансшекаралық сауданы дамытуға жаңа серпін береді, – деді Қазақстанның  сауда министрі.

YTO Express Co. басқарма төрағасы Ю Вэйцзя бұл жобаның бүкіл өңірді қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба екенін атап өтті. Компания бірқатар елде тағы 5 тарату орталығын салуды жоспарлап отыр.

«Өткен жылы біз Алматы әкімдігімен белсенді ынтымақтастықты бастадық. Бұл – екі ел экономикасының дамуына жаңа серпін беретін ұзақ мерзімді жоба. Ынтымақтастық негізі үшін Қытайда Шанхай, Нанкин және Ухань қалаларында 3 бондтық қойма аштық. Бұл – бүкіл аймақты қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба. Осы тарату орталығынан басқа, біз АҚШ, Бразилия, Тайланд, Будапешт және Дубайда тағы 5 орталық салуды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады    Ю Вэйцзя.

Қытай тарапы жобаны жақын арада іске асыруды көздеп отыр. Арман Шаққалиев Қазақстанның жоба аясында белсенді жұмысты жасауға  дайын екенін айтты.  Кездесу  қорытындысы   бойынша  тараптар   бірлескен  іс-қимыл  жоспарына қол қоюға келіскен.

Анықтама үшін біраз ақпараттарды оқырман назарына ұсына кетуді жөн көрдік. YTO Express Co- (толық атауы – Shanghai Yuantong Express Co., Ltd) 2000 жылы 28 мамырда Шанхай қаласында құрылған. Қазіргі таңда Қытайдағы жедел жеткізумен айналысатын аса ірі халықтық кәсіпорындардың бірі. Бұл кәсіпорын Қытайдағы жедел жеткізу және сапалы сервис саласының «серкесі» есептеледі. Өз алдарына компанияны Қытайдағы жедел жеткізудің символына айналдыруды мақсат еткен іскерлер қазір сол армандарын жүзеге асырды деуге болады. Олар ел ішіндегі жедел жеткізу саласында мыңдаған шақырым алыстан жіберілген жолдамаларды сол күні алушының қолына жеткізу нысанасына қол жеткізе білді. Аталмыш компания қазір China Express қауымдастығының және Shanghai Express Delivery компаниясының бөлімшесі болып табылады. Олар ішкі нарықта және шетелдерге бағытталған жедел логистикалық қызметтерді көрсетеді. Соның ішінде бір қалада бір күнде жеткізуді, аймақ ішінде бір күнде жеткізу, провинциялар арасында жеделдетілген жеткізуді, ұшақпен тасымалдау, затты тапсырып алғасын төлем жасау, жеткізілім кезінде қолма-қол ақша және басқа да қосымша құнды қызметтерді көрсетумен айналысады. Сондай-ақ қоймалау, тарату және арнайы желілік тасымалдау сияқты бір терезе қызметтерін қамтиды. Сенімділік деңгейін арттыру мақсатында әр пакеттің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуелсіз әзірленген YTO толық процесті бақылау және басқару жүйесімен жұмыс істейді.

YTO Express Co қазіргі таңда Қытайдың барлық аумағында өз филиалдары мен жеткізу пункттері жұмыс істейді. Жалпы теңіз, құрлық және әуе тасымалы салаларында мультимодальды көлік мүмкіндіктеріне ие және жауынгерлік қолдау мен соғыстан тыс әскери операцияларға, соның ішінде материалдық тасымалдау мен қуатты проекцияға күшті қолдау көрсете алады. Қазіргі уақытта YTO Airlines компаниясында 12 жүк тасымалдаушы ұшақ, 1000-нан астам ішкі маршруттар, әртүрлі типтегі 36 000-ға жуық көлік құралдары, 8 279 жерүсті көлік магистральдық желілері және Қытай – Еуропа жүк пойыздары «YTO», YTO International және басқа да тасымалдау ресурстары бар.

Шығыстағы көршіміздің осындай алпауыт компаниясымен «Қазпошта» АҚ ендігі жерде өзара әріптестік орнатып, электронды сауда жасау мен жеткізу қызметтеріне түрен салатын болса, еліміздің экономикалық қуатының өсуіне кәдімгідей серпін берер еді.

10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 0
ТҮРКІСТАН: БАЗАРДАҒЫ КІТАПХАНАҒА 10 МЫҢДАЙ ОҚЫРМАН КЕЛГЕН
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.11.2024 178
АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНЕ ЖОЛ АШҚАН ФОРУМ
Саяжан Қайдар - 22.11.2024 45
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 22.11.2024 169
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 248
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 243
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 746
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 868
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 780

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8938
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8332
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11560
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9317
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10544