ІСКЕР ӘКІМ – ҚАШАНДА ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫНА ИЕ

ІСКЕР ӘКІМ – ҚАШАНДА ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫНА ИЕ

Пайғамбарымызға бір мұсылман:

–Жақсы адам деп кімді айтамыз,-деген сұрау тастапты. Сонда Пайғамбарымыз: «Елді сөзімен, ісімен қуанта білген жанды жақсы адам» десек жарасымды болады деген екен.

Міне, осындай ісімен елдің елеулісі, халқының қалаулысы атанып жүрген Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібекті айтуға болады.

     Қанатбек Қайшыбекұлы қашанда өзінің кішілігін, еңбекқорлығын көрсете білді. Жалаң сөзбен тірлік өнбейді. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген сөз бар. Сондықтан әрқашан тұрғындар пікіріне құлақ асып, өзінің сөзге берік азамат екенін байқатқан Қанатбекті қазір көпшілік «Жігітте де жігіт бар, Азаматы бір бөлек»,-деп айтып жүр.
      Қай саланы алып қарамаңыз, өзі басшылық еткен ауданның бүкіл мәселесін жоғарыда қорғап, қолдап, уәдесін аяғына жеткізіп, Ер Ерлікке пара-пар үлкен іс атқарғанын көзіміз көрді.
       Жергілікті жердің мүддесін қорғауға келгенде темірдей тегеурін мен жүйелі тәртіпті шебер қолдана білді. Біздің елге де керегі де осындай қабілет-тін.
      «Билік дегеніміз – жұмсақ қолғап киген темір қол» деген герцог Чарльз V. Расында да, темірдей тәртіп болмаған жерде нәтиже де жоқ, оның үстіне бюджеттік жұмыстың айналасында.
      Кейде осындай жарты ғасырға татырлық жүкті жастайынан атқара білген қылыштай жастың қарқынына таң қаласыз. Ер айтпас, айтса, қайтпас деген. Ол сертін серік етті. Уәде мен намысты ту етті. Айтқан сөз атқарылған іспен дәлел болды.
            Алысты таразыға салып, болжамдай қарап, алдына бір жылдық емес, он жылдықтардың жоба-жоспарын құрып, тайға таңба басқандай мақсат қойды.
            Ел даналығы «Сен емес, сені іздесін» деген. Халық өзі сенген, сенімі мен көңілінен шыққан басшыны іздеуде. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген. Көпшіліктің осындай тұжырым жасауы – оның қажымас қайраты мен елге деген сүйіспеншілігін, туған жерге деген перзенттік борышын адал атқарған азамат ретінде шынайы бағалау.
         Ердің сыншысы – елі деген. Қандай да басшының сөзі іспен дәлелденіп, сол әрекет-қимылдың нәтижесі ел көңілінен, жалпы қалың жұрттың ойынан шығып жатса ғана халықтың сеніміне ие болады.
        Даңққа тұлпар дүлдүлдігімен жетеді,
       Абырой мен атаққа азамат біліктілігімен жетеді. Сондай ел алғысы мен сеніміне бөленген азаматтың бірі де бірегейі Қанатбек Мәдібек.
       “Сүйер ұлың болса, сен сүй – сүйінерге жарар ол” деп ұлы Абай өсиет еткендей, қаншама жала мен қара күйе жағылса да туған жерін, елін, халқын сүйсінткен, алғаш басшылық жұмысты жастайынан бастаған ол, жас та болса бас болғанын ел мақтанышпен айтады.
       Қазір де ол мақтау мен мадаққа еш мұқтаж емес, бізсіз де оның атына әр тараптан ақ адал алғыс, жақсы лебіздер, жылы пікір айтушылар көп екені белгілі.
       Бүгінгі бұл жазбамның себебі көптің көңіліне сеніммен қуаныш ұялатқан Қанатбек Мәдібектің Талас ауданына әкім болғанына бір жыл болыпты. Еңбегіңіз елене берсін аға!,-демекпін.
Дариха Үмбетиярова
26.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 80
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 114
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 114
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 80
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 224
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 229
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 442
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 405

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9100
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8499
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11726
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9492
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10708