JOLTAP жобасының берері көп

JOLTAP жобасының   берері көп

JOLTAP жобасы Астана тұрғындарына мамандығы мен бизнесін қатар дамытуға көмектесуде.

Астанада тұрғындарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, өз ісін дамытуға, жұмысқа орналасуға және табысын арттыруға мүмкіндік беретін JOLTAP жобасы жалғасып жатыр. Бағдарлама түлегі Айдана Шалағай жобаның қалай көмектескенін айтып берді.

Астаналық Айдана Шалағай – мамандығы бойынша логопед-мұғалім. Ол осы салада жұмысын жалғастырып келеді. Алайда ісін кеңейтіп, бизнес саласын да байқап көруге деген ынтасы оны JOLTAP жобасына алып келді.

«JOLTAP жобасы жайлы Instagram-нан білдім. Бірден қызықтым, себебі бұрыннан жаңа білім алып, бірнәрсені өзгеше байқап көргім келетін», – дейді ол.

Айдана Kaspi платформасындағы бизнес негіздері курсын және контент-криэйтингті таңдаған. Алған білімінің арқасында ол әйелдер киімін онлайн сатуды бастап, қазір Instagram мен YouTube-тағы парақшаларын дамытып жатыр.

«Оқыту барысында маған ең ұнағаны – материалдың қолжетімді, түсінікті әрі өмірде қолдануға ыңғайлы болуы. Білгенімді бірден іс жүзінде қолдана алдым», – деп атап өтті ол.

Бүгінде Айдана логопедтік жұмысын табысты онлайн-бизнеспен және блогингпен қатар алып жүр.

«Мұндай жобалар өте пайдалы деп есептеймін. Олар тек білім ғана  емес,  алға  жылжуға  үлкен мотивация да береді», – дейді Айдана.

Айдананың оқиғасы – JOLTAP жобасының астаналықтарға жаңа салаларды меңгеруге және кәсіби жұмысты хоббимен қатар дамытуға мүмкіндік беретінінің айқын дәлелі.

 

Нағашыбай Қабылбек
03.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 290
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 284

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18951
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18814
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33982
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32535
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36337