«JUMYSTAP.kz»-пен жұмыс тапқандар

«JUMYSTAP.kz»-пен жұмыс тапқандар

Астана – барлық салада жылдам өсіп келе жатқан қала. Бас қалада халық санының көбеюіне орай жұмыс орындары да көбейіп келеді. Мұндай жерде білікті маманға деген сұраныстың да жоғары болатыны түсінікті жайт. Сондықтан сұранысқа лайықты мамандар тәрбиелеу, жұмыссыздық мәселесін шешу қала әкімшілігінің көңіл бөліп отырған тақырыптарының бірі саналады. Қазіргі таңда цифрлық шешімдердің қарқынды дамуы бұл саладағы үйлестіру жұмыстарына айтарлықтай серпін беріп отыр. Соның бірі – «JUMYSTAP.kz» сервистік платформасы. Аталмыш жоба қаладағы жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында іске қосылған. 

2023 жылы 29 тамызда JOLTAP жобасының алғашқы құралдарының бірі – «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттері ашылғаны белгілі. Сонан бері қарай қала көлемінде 20000-нан астам адам осы жерден кеңес алып, 4 оқу сыныбы дайындалып, авторлық бағдарламалар жасалған екен. Осы оқу бағдарламалары бойынша 6 мыңға жуық адам қысқа мерзімдік оқытудан өткен. Ал біз сөз етіп отырған платформа биыл 5 тамызда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өткен «JOLTAP» жобасының түлектерімен кездесуінде іске қосылыпты. «JOLTAP» жобасы елордалықтардың табысын арттыруға бағытталған. Жоба аясында азаматтар мемлекеттік қолдау шаралары және қаланың өзекті жұмыс орындары жайлы кеңес алып, 16 жұмысшы және цифрлық дағды бойынша қысқа мерзімді оқудан өте алады. Қазіргі уақытта 21 мың адам осы мүмкіндікті пайдаланып үлгерді», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «JUMYSTAP.kz» осы «JOLTAP» жобасының дамуының келесі қадамы болып саналады. Тамыз айынан бастап сайтқа 30 мың азамат кірді. Сайтқа тек Астана азаматтары мен бизнес өкілдері ғана емес, тіпті Алматы, Теміртау, Семей сияқты еліміздің аймақтарынан жұмыс берушілер де қосылып жатыр», – дейді «JOLTAP» жобасының сараптама бөлімінің менеджері Ерасыл Ділдәим. – Платформаға телефон нөмірін жазу арқылы ғана тіркелуге болады. Қазіргі уақытта сайтта 7 мың адам тіркелген. Яғни бұл әрбір төртінші адам тіркелуден өтеді деген сөз. Бұл отандық стартап үшін өте жақсы нәтиже. Осынша қолданушының ішінде 1 мыңы кәсіпорын болса, 6 мыңы жұмыс іздеушілер. Жұмыс берушілердің ішінде ірі әрі желілік кәсіпорындар да бар. Бүгінде сайтта жұмыс бойынша 1 100 хабарлама жарияланған. Алайда бұл осыншама жұмыс орны бар деген сөз емес. Кей кезде бір хабарламаның артында 20, тіпті 200 адамға тапшылық жасырылып тұр. Яғни бос жұмыс орны саны осы 1 100 хабарламадан көп. Қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету, сауда салаларында қызметкерлер тапшылығы бар. Онда жұмыс берушілер кемінде 200-ден аса хабарлама қалдырған, – дейді ол. Ерасыл Ділдәимның айтуынша, көбіне қолданушылар кеңседегі жұмысқа, цифрлық тапсырмалар және сауда салаларына қызығушылық білдіреді екен. – Көбіне азаматтар сатушы-кассир, бариста, графикалық дизайн, сату менеджері, таргетолог, тігінші, СММ, бухгалтер, жүргізуші, мерчендайзер, күзетші, жүк тасымалдаушы сияқты мамандықтарға үндеу қалдырып жүр. Сайттың негізгі мақсаты – жұмыс берушілер мен үміткерлерді бірбірімен тез арада байланыстыру. Осының бәрі адамдардың ыңғайлығы үшін Whatsapp мессенджері арқылы жүзеге асырылған, – дейді ол. «JUMYSTAP.kz» сервистік платформасы еліміздің барлық азаматына тегін түрде қолжетімді. Негізгі қолданушылар қатарында тұрақты жұмыс іздеушілер мен үйден жұмыс істеуді қалайтын адамдар бар. Одан бөлек уақытша тапсырыс орындаушыны іздейтін кәсіпкерлер де кездеседі. – Бұл платформаның басқа да жұмыс іздеуге мүмкіндік беретін сайттардан айырмашылығы бар. Біріншіден, 6 мың жұмыс іздеушінің жартысы – «JOLTAP» жобасының түлектері. Бұл дегеніміз жұмысқа дайын 3 мың үміткер бар деген сөз. Екіншіден, бұл жерде тек тұрақты жұмыстан бөлек, кішігірім тапсырыстарды орындайтын маман иелерін табуға болады. Айтпақшы, тапсырыстар аумағы шектелмеген. Басқа елден тапсырыстар да қабылданады. Үшіншіден, барлығы толығымен тегін және қолданушылардың ыңғайлығы үшін тікелей Whatsapp арқылы байланыс қарастырылған. Осылайша сіз жұмысты немесе қызметкерді делдалсыз және төлемсіз таба аласыз. Мемлекет басшысы алдағы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған байланысты «JUMYSTAP.kz» сайты халық арасында жұмысшы мамандықтарды ілгерілетуге және еңбек құндылықтарын жаюға өз үлесін қосады деп үміттенеміз, – деді Сараптама бөлімінің менеджері. «Жаңадан құрылған сайтта күн сайын қолданушылар пікірі ескеріліп, оның жұмысы жақсарып келеді. Платформада қатаң модерация қарастырылған. Егер кейбір жұмыс іздеуге мүмкіндік беретін платформаларда алаяқтар кезігетін болса, бұл сайтта мұндай хабарламаларға жол берілмейді», – делінген қала әкімшілігінің баспасөз орталығы таратқан ақпаратта. Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жоюмен арнайы айналысатын Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган ретінде жүйелі түрде қызмет етіп келе жатыр. Алдағы уақытта «JUMYSTAP.kz» секілді тиімді жобалар жалғасын табады деген үміттеміз. Бұл өз кезегінде басқа аймақтарға да үлгі боларлықтай жоба екендігін айта кеткен жөн.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
11.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 44
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 575
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 689
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 604
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 613

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8750
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8150
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11379
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9133
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10364