КАДЕТ СЫНЫПТАРЫ ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ

КАДЕТ СЫНЫПТАРЫ  ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Құқық қорғау бағытын негізге алған еліміздегі кадет сыныптарының ұйымдастыруымен Алматы облысы Іле ауданы Нұрғиса Тілендиев ауылында №26 орта мектеп базасында «Тәуелсіздік – еркін елдің ұраны» атты аудандық семинар өтті. Нұрғиса Тілендиев ауылындағы №26 орта мектептегі практика жүзіндегі саптық сабаққа Іле ауданының жан-жақтан келген кадет басшылары қатысты. Желтоқсаншы Байниязов Бақыт Серікбайұлы, «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы қатысып, жас сарбаздарға тілектерін білдірді. Бұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, отансүйгіштікке, Отан алдындағы қасиетті борышын адал орындауға тәрбиелейтіні сөзсіз. Шара барысында мектеп оқушылары әскери дайындықтары жағынан түрлі өнерлерін көрсетті. Семинар «Жас Сарбаз» 10, «А», 7, «А» сыныптарымен практика жүзінде саптық элементтерін, АК-74 қаруын жартылай бөлшектеп жинаудан және АК-74 қаруымен саптық элементтерін орындады. Сонымен қатар Абилдаев Такман Балтабекұлының жетекшілігімен шығыс жекпе-жегінен де өнерлерін паш етті. Шығыс жекпе-жегі оқушыларды тек қара күшке үйретпейді, қорғануға, психологиялық тұрғыда шыдамды, шымыр болуға, сабырлы болуға тәрбиелейді. Одан бөлек Іле ауданы Қараой ауылының қызметтік кинология басқармасының сарбаздары қонаққа келіп, мектеп оқушыларына иттермен жұмыс, шекарадағы жұмыс жайлы практика жүзінде іс-тәжірибелерімен бөлісті. Артынша Қасымжанова Шырын Ғизатханқызының «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тәрбие сағаты өтіп, оқушылар өздерін жан-жақты білімдерін, болашаққа деген сенім мен ұмтылыстарын көрсетті.

«Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты елімізді сүйетін, келешекте мемлекетімізге адал қызмет ететін рухты, отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу», – деді ұйымдастырушы алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, аға сержант Оразгалиев Аркаш Сергазинович. Бұдан бөлек қадірлі қонақтардың арасындағы Іле ауданы білім бөлімінің әдіскері, «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысының төрағасы Джантлеев Сейтжан пікірін білдіріп: «Қазіргі таңда 20- ға жуық кадет сыныптары ашылды. Қазақстан бойынша ең алғаш кадет сыныбы 2014 жылы осы Іле ауданында ашылды. Кадет сыныптарындығы оқушылар түске дейін сабақ оқып, түстен кейін әскери саптық, спорттық дайындықтары бойынша сабақтарына қатысады. Бұл жұмыстардың барлығы әскери бөліммен, министрлікпен, білім басқармасымен тығыз байланысты. Республикалық түрлі жарыстарға қатысып, өз өнерлерін шыңдай түсуде. Сонымен қатар мектеп бітірген кезде кадет сыныбында оқыған түлектерге арнайы сертификат беріп, әскери жоғары оқу орындарына түсетін болса, жеңілдік пен гранттар қарастырылған», – деді. Бұлайша балаға мектеп жасынан әскери тәрбие беру – керемет бастама. «Тәртіпке бағынған құл болмайды», – деп Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, патшасына бағыну, еліне бағыну, халқына бағыну – ұлы қасиет. 

Рауан МУТАИР
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 31
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 67
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 29
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 29
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 63
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 67
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 265
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 261
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 883

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8959
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8353
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11579
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9337
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10563