Кеше аймақтағы кәріз және шайынды су жүйелерін араладым. Аудан орталығы мен Өндіріс ауылдық округінің арасын жалғайтын жол бойындағы нысанға бардым.
Бұл кәріз жүйесі 25 мемлекеттік мекеме мен Төле би ауылындағы бірнеше көпқабатты тұрғын үйлерге үздіксіз қызмет етіп келеді.
Жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайтын нысанның биологиялық тазарту станциясы да тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
Бұдан бөлек, Шу қаласы Батыс мөлтек ауданындағы кәріз және шайынды су жүйелерімен таныстым.
Қаланың 70 пайызын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Теміржол су — Шу» ЖШС-нің теңгеріміндегі нысанның бүгінде әбден тозығы жеткен.
Қолқаны қапқан жағымсыз иіс тұрғындардың мазасын қашыруда.
Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз сулары осында айдалады.