Кәсіп-нәсіп

Кәсіп-нәсіп
Жаз айы диқаншылықты кәсіп етіп, нәсібін жерден теретін шаруарлардың суды аса қажет ететін мезгілі. Әр жылы Қордай ауданының шаруалары үшін суармалы су мәселесі бірінші кезекте тұратыны рас. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдар үлкен жоспарлар құрып, алдағы уақытта Қырғыз елінен тәуелділікті шешуге бағытталған ауқымды жобалар қолға алынуда. Әрине бұл бір-екі жылда шешіле қоятын жұмыс емес. Сол себепті суармалы су мәселесі өзектілігін жолғалтқан жоқ.
Биыл көктем уақытында, жауын-шашын мөлшері жақсы болғаны баршаға белгілі. Алдыңғы жылдарға қарағанда суармалы суға байланысты жағдай күрделі емес. Дегенмен, көктемде аудан басшылығ диқандардың басын қосып, су көп талап ететін дақылдарды азайту бойынша ұсыныс айтқан болатын. Сонымен қатар, «Совхоз» аймағын суармалы сумен қамтамасыз ететін екі каналға сусорғы қоюды доғару қажеттігі де айтылған. Шаруалар бірауыздан осы шешімге тоқталып, суды үнемді пайдалануға бел буған еді.
Десе де биыл суармалы су төңірегінде тағы да бірқатар мәселеоер көтеріліп отыр. Осы сұрақтар бойынша аудан әкімдігі Бегзат Болатбеков «Совхоз» аймағында еңбек ететін шаруалардың басын қосып, олардың шағымын тыңдады. Шаруалардың айтуынша, кейбір азаматтар сусорғы қоюды доғармай, тіптен каналдан түнделетіп жасырын суды өз егістігіне бұру алу жағдайлары орын алып жатқанын жеткізді. Оларға бірнеше мәрте ескерту жасалғанымен, әзірге елеп жатқандары шамалы. Осы ретте, шаруалар аудан әкіміне осы мәселеге араласуын сұрады.
Өз кезегінде Бегзат Сейсенқұлұлы «Қазсушар» мекемесі өкілдеріне бұл мәселені шұғыл қолға алып керектігі туралы тапсырма беріп, сұрақ заң аясында дұрыс шешім табатынын шаруаларға жеткізді. Аудан әкімі әр шаруаны жекелей тыңдап, суармалы суды барлығына теңдей бөлуге заң аясында жұмыс жүргізу үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Қордай ауданының әкімдігі
06.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 120
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 119
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 635
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 753
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 666
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 678

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8812
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8211
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11438
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9193
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10422