2022 жылдың 25 мамырында Тараз қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-де ел Конституциясына түзетулер жобасы бойынша республикалық референдум өткізудің тарихи оқиғасы қарсаңында ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының өкілдері, ҚХА мүшелері, өңіріміздің этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, кәсіпкерлер қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының атынан кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер Қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, хатшысы Данияр Бектұрғанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Абдулла Исматуллаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының басқарушы директоры Олжас Өмірсерік және т.б. қатысты.
Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері іс-шараға қатысушыларға ұйымның қазақстандық бизнесті қолдауға және дамытуға бағытталған қызметі туралы айтып берді. Конституциялық реформа Президенттің 2019 жылдан бергі барлық саяси реформаларының қисынды жалғасы болып табылады. Қауымдастық кәсіпорындар басшылары мен бизнес-қауымдастықтарды – ҚХА мүшелерін біріктіруге бағытталған қоғамдық ұйым болып табылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығы 2011 жылы құрылған болатын. Оның жұмысының негізгі мақсаты — экономикалық қызметтің әртүрлі салаларында оның мүшелерінің Кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, Қазақстанға инвестициялар, инновациялар мен технологияларды тарту, қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға жәрдемдесу, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу.
Ағымдағы жылы «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен Ассамблея қызметін нығайту тетіктерін жетілдіру және дамыту бойынша ауқымды реформаларды бастады. ҚХА құрылымдарын жаңғырту бағыттарының бірі кәсіпкерлер қауымдастығын трансформациялау болып табылады.
Осы орайда кездесуге қатысушыларды спикерлер арнайы Жарғымен, оның ішінде өкілдік ету, мемлекеттік органдарда оның мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қолданыстағы құқықтық базаны талдау және кәсіпкерлік саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша есептер, ұсынымдар дайындау, Қазақстан этностарының тарихи шығу елдерінен шетелдік инвестицияларды, технологиялар мен инновацияларды тарту сияқты жұмыстың басым бағыттарымен таныстырды. Сонымен бірге, алға қойылған жоспар туралы да айтылды, оның ішінде – ҚХА серіктес-шетелдік достар клубын құру, өз мүшелерін шет елдермен екі жақты іскерлік кеңестерге белсенді түрде ілгерілету, Қауымдастыққа келешекте білікті көмек көрсету және түрлі рұқсат құжаттары мен мемлекеттік қызметтерді алуға жәрдемдесу мәселелері бойынша оның мүшелері болу үшін бір ұйым болмақ.
Іс-шараға келгендер инвестициялар, жобаларды қолдау, халықтық қолөнер саласын дамыту, гранттар алу, қажетті құжаттарды алу рәсімдерін жеңілдету мүмкіндіктері бойынша өзекті сауалдар қойды. Барлық сұрақтарға өз деңгейінде қанағаттанарлық құзыретті жауаптар берілді.