Кеше Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев Шу ауданына жұмыс сапарымен келіп, Шу ауданы әкімінің 2021 жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есеп беру жиынына қатысты.
Сондай-ақ Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауданаралық оңалту орталығының жұмыстарымен, «Компания Мар-Нұр» ЖШС, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының жұмысымен танысып, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қайтарымсыз грант иегерлері атанып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерді аралады және Жамбыл облысында жүзеге асқан пилоттық жобаның шарапатын көріп отырған Көктөбе ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Жоба аясында халықтың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарына жауап беріп, кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қолдау көрсету керектігін жеткізді.