2024 жылғы 24 мамырда Астана халықаралық университетінде ҮЕҰ өкілдері мен әлеуметтік кәсіпкерлерді «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде арнайы курста оқыту нәтижелері бойынша әлеуметтік жобалар байқауы өтті.
Қатысушылар Қазақстан Ре-спубликасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік (бастамалар, жағдай-лар, тәжірибелер), Қазақстанда және әлемдегі әлеуметтік кәсіп-керлікті қолдау шаралары, креа-тивті ойлау және әлеуметтік инно-вациялар, қаржылық аспектілері, әлеуметтік бизнес және әлеумет-тік кәсіпорынды басқару сияқты мәселелер бойынша тренингтер өтті. Тренинг қорытындысы бойынша мектептің белсенді қатысушылары өз жобаларын қазылар алқасына ұсынды. Үздік жобалар ақшалай сыйлықтарға ие болды, олардың табыс тарихы ҮЕҰ академиясы жобасының әлеуметтік желілерінде көрсетіледі. Бұл жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Төртінші жыл Астана халықаралық университеті бұл бағыттың үйлестірушісі болып отыр. Осы уақыт ішінде 600-ден астам ҮЕҰ өкілдері мен әлеуметтік кәсіпкер-лер оқудан өтіп, Мектеп сертифи-каттарын алды.
2024 жылдың жеңімпаздары: Алтынай Тәңірбергенова «Қайың-ның қабығы аршылған шпоннан инновациялық технология бойынша қазақтың киіз үйлерін жасау» – 1 орын (200 мың теңге), Мадина Даниярова «Ұлт қазынасы» этникалық киім тігу, мәдени мұраны, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау бойынша – 2 орын (150 мың теңге) және Марина Бошель «Без ісігімен ауыратын әйелдердің экологиялық сауаттылығын және әлеуметтік бейімделуін насихаттау» жобасымен 3 орын (100 000 теңге) алды.