Жамбыл ауданындағы үлкен аумақты алып жатқан “Казфосфат” зауытының үйінділерін шаруалар кәдеге жаратуға кірісті.
“Казфосфат” ЖШС, Қазақстан су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты және “Қызылдихан” өндірістік кооперативі арасында үшжақты келісім шарт жасалып, өндірістік кооперативтің егіс алқабына 300 тонна фосфогипс жеткізілді.
Бүгінгі күнге 2560 тонна үйіндіні шаруалар алқабына жеткізсе, Жамбыл ауданына 600 тонна үлестірілген.
Тыңайтқышқа өтінім беру үшін шаруа жергілікті әкімдіктегі ауылшаруашылығы бөліміне сұраныс жолдауы керек.
Алдағы уақытта Ауылшаруашылығы министрлігіне техника тасымалына субсидия қарастыру мәселесіне сұраныс жіберілді.