КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР

КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
✔️Келестік шаруалар қырыққабаттың алғашқы өнімін жинауға кірісті. Атап айтқанда, Біртілек ауылдық округіне қарасты Жолбасшы ауылының тұрғыны Шералы Тәжібаев 2 гектар аумаққа қырыққабат өнімін егіп, бүгінде 38 тонна өнім алып отыр. Былтыр қара күзде егілген көкөніс қазір пісіп жетілген. Шаруа ақпан айында тағы 100 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Жиналған өнімнің алғашқы легі еліміздегі үлкен қалаларға жөнелтілуде.
📌– Биыл қар аз түсті. Қыс суық бола қойған жоқ. Жеңіл жамылғының астына егілген көкөніс көшеті тез тамыр байлады. Жиналып жатқан қырыққабаттың әрқайсысының салмағы 4 келіге дейін барады. Қырыққабатты ертерек ексек, мұнан кейін сәуір, мамыр айынан бастап екінші өнім егеміз. Ерте шықса бағаға да әсер етеді. Қанша ерте шықса, сонша қымбат болады, – дейді Шералы Шырынбайұлы.
✔️Жыл он екі ай тыным көрмейтін келестік диқандардың дені қазір қырыққабат егіп жатыр. Өңірдегі шаруашылықтар мың гектарға жуық жерден астам жерге көкөністің осы түрін егуде. Бір маусымда егістіктен үш рет өнім жиып алу аграрлық сала үшін де, шаруаға да тиімді болды.
📌Айта кетсек, өткен жылы Келес ауданы бойынша 2 400 гектарға қырыққабат өнімі егіліп, шаруалар 35 мың тонна өнім алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
30.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 137
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 40
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 114

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17285
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16008
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19381