КЕНШІЛЕР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

КЕНШІЛЕР ҚҰРМЕТТЕЛДІ
Бүгін Орталық байыту фабрикасында "Еңбек - береке бастауы" атты Кәсіпорын күніне орай "Қаратау" Тау-кен өңдеу кешені мен "Қаратау" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен салтанатты шара өткізілді.
🔰Шараның басты мақсаты: ұзақ жылдар тау-кен өңдеу саласында еңбек етіп келе жатқан және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қомақты үлес қосып жүрген азаматтардың ерен еңбегін бағалау болып табылады.
✅Шараға "Қаратау" Тау-кен өңдеу кешенінің техникалық директоры Серік Өтепбергенұлы Тұрсынбеков, партия аудандық филиалының консультанты Мадина Қайратқызы Пірімбек, бастауыш партия ұйымының төрағасы, кәсіпорынның бас экологы Ануар Бекболатұлы Баймұханов және еңбеккерлер қатысты.
🇰🇿 Шара барысында бірқатар еңбеккерлерге «Еңбек ардагерлері» куәлігі және зейнетке шыққалы отырған, көпбалалы аналар мен еңбек үздіктеріне партия аудандық филиалының "Алғыс хатымен" және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
🎶 Шара соңында марапатталушылар мен қатысушылардың құрметіне аудандық мәдениет үйінің әншілері әуелете әсем ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Amanat Sarysu
15.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6396
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6529
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21505
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20125
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23609