Кешенді этномәдени жобалар жөніндегі ұсыныс хатыма неге жауап жоқ?

Кешенді этномәдени   жобалар жөніндегі ұсыныс хатыма неге   жауап жоқ?

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары

Мәдениет және ақпарат министрі 

Балаева Аида Ғалымқызының назарына!

 

Құрметті Аида Ғалымқызы!

Мен, Сабыр Адай Шеркешбайұлы, бұған дейін Сіздердің қарауларыңызға жолданған «Адай Ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығы аумағында «Алаш батыры» және «Таңбалар әлемі» атты кешенді этномәдени жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныс-хатқа байланысты ресми жауап беруіңізді сұраймын.

Аталған ұсыныс 2026 жылғы 22 қаңтарда «Qazaqstan dauiri» газетінің №03 (1579) санында жарияланып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне бағытталған болатын.

Ұсынылып отырған «Алаш батыры» – нақты тарихи тұлғаны емес, күллі қазақ халқының азаттығы мен тұтастығы жолында күрескен батырлардың жиынтық, символдық бейнесі. Бұл жоба қоғамды жіктемейтін, керісінше, ұлттық бірлік пен тарихи сананы нығайтатын маңызды рухани нысан ретінде қарастырылады.

Ал «Таңбалар әлемі» этномәдени алаңы – қазақ рулары мен түркі халықтарына ортақ таңбаларды ғылыми-танымдық тұрғыда жүйелеп, оларды тарихи жадының көркем әрі мәдени коды ретінде танытатын бірегей кеңістік болмақ. Бұл бастама түркі дүниесінің ортақ мәдени сабақтастығын айқындауға және Қазақстанның рухани интеграциялық рөлін күшейтуге қызмет етеді.

Аталған жобаларды «Адай Ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығы аумағында жүзеге асырудың мемлекеттік маңызы зор деп есептеймін. Себебі бұл кешен: 

– ұлттық тарихи сананы жаңғыртуға;

– жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесін нығайтуға;

– Маңғыстау өңірін халықаралық деңгейдегі этномәдени және туристік орталыққа айналдыруға;

– Қазақстанның түркі әлеміндегі рухани беделін арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, «Адай Ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығының республикалық дәрежеде қорғалатын тарихи-мәдени нысан ретінде тіркелуі де аса маңызды. Бұл бағытта Маңғыстау облысының әкімдігі мен жергілікті Мәдениет басқармасы тарапынан нақты жұмыстар басталғанын атап өтемін.

Осы орайда, аталған мәселе бойынша өңірлік деңгейде тиісті тапсырмалар беріп, қолдау білдіріп отырған Маңғыстау облысының әкімдігіне және Мәдениет басқармасына ризашылығымды білдіремін.

Осыған байланысты, Сіздерден: 

– ұсынылған жобаларға қатысты ресми ұстанымды білдіруді;

– жобаның тарихи, мәдени және қоғамдық маңызын уәкілетті ғылыми сараптамаға жолдауды;

– қолданыстағы заңнама аясында іске асыру мүмкіндігін қарастыруды;

– қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс тетіктерін айқындауды сұраймын.

Бұл бастама – жеке мүддеден емес, ұлттық руханият пен тарихи сабақтастықты сақтау жолындағы ортақ игілікке бағытталған ұсыныс екенін атап өткім келеді.

Құрметпен,

Сабыр Адай Шеркешбайұлы,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері,

«Адай Ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығы 

тұжырымдамасының авторы,

  Ақтау қаласы

 

22.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24581
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24249
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41696
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37584
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41968