КЕШЕНДІ ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

КЕШЕНДІ ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы сақтау бойынша, кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Қызмет көрсету саласы бойынша ең көп шағымдар бөлшек сауда – 1729, электронды коммерция – 721, жеке қызмет көрсету – 110, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 225, білім беру қызметтері – 101 сияқты салаларда анықталды. Талдау нәтижесі. Осы көрсеткіштердің ішінде тұтынушылық құқықтық мәдениеттің қалай көтерілгенін және жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өсуін көрсетті. Бұл туралы былтыр Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өткізген  брифингте айтылған болатын.

Ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасын іске асыру жоспарлануда, заңнамалық тетіктер қалыптастырылды, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ мемлекеттік институттардың рөлін күшейтуді қамтамасыз ететін бірқатар басқа да нормативтік құқықтық актілер, соның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу. 

«Сапалы өнім» жобасы тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз етеді. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында тұтынушылардың құқығын қорғау бірлестіктері қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерге қоғамдық мониторинг шеңберінде тауарлардың үлгілерін таңдау құқығын беру, сондай-ақ олардың белгісіз тұлғалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша талап-арыз беру мүмкіндігін енгізу жоспарлануда. Және ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үдерістерін қоғамдық бірлестіктердің үйлестіруі. Жоспарлы жұмыстардың қорытындысы бойынша жосықсыз кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлігінде де, ауданда да 250-ден астам әкімшілік хаттамалар жасалды. Бүгінгі таңда тұтынушылардың пайдасына 180 млн теңгеден астам өндірілді. «Сапалы өнім» бренді бірінші кезекте елдің ішкі нарығында жоғары бәсекелестік туғызуы тиіс. Қоғамдық бақылау құралдары отандық Сапалы өнімдерін жылжыту үдерістеріне мониторинг жүргізуге және уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді. Қазақстандықтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Министрлік «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасын іске қосты. Жобаның негізгі бағыты – нормативтердің бұзылуын, тұтынушылардың құқықтарын және жосықсыз бәсекелестікті бұзатын әрекеттерді анықтау. Ол үшін заңнамалық құралдар мен тетіктердің базалық жиынтығы бар.

Атап айтқанда, қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң қоғамдық бірлестіктерге мүмкіндік береді:

– тауардың тұтынушылық қасиеттерін зерттеуге;

– тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасауға;

– өнімнің сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізуге;

– тауардың сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге;

– тұтынушылардың  мүддесі   үшін сотқа талап қоюға;

– өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты таратуға. Сонымен қатар, осы функцияны іске асыру кезінде қоғамдық бірлестіктер тауарды сату орындарына барған кезде жасалатын барлық әрекеттерді фото-, аудио-, бейнетіркеуді қолдануға құқылы. Егер өңір тұрғындары сапасыз азық-түлік емес тауармен бетпе-бет келген жағдайда, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне, ал егер сапасыз азық-түлік тауарымен бетпе-бет келсе, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жүгіну қажеттігін хабарлайды.

Алматы қаласы бойынша техникалық реттеу және метрология, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдерін анықтау және жолын кесу мақсатында импорттық азық-түлік тауарларының 16-ға жуық түрін зерделеу бойынша мониторингтік іс-шаралар жүргізді, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі стандарттары мен техникалық регламенттер талаптарын сақтау бойынша.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін және кәсіпкерлік субъектілерінің тұтынушылар алдындағы міндеттерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдардың жұмысы жалғасуда.

 

 

Гауһар Тұрсынқожа
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 199
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 30
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 214
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 231
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 202
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 197
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 221
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 210
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10495
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9474
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12710
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11680
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16692