КЕЗДЕСУ

КЕЗДЕСУ

Бүгін аудандық орталық кітапхананың "Coworking" залында "AMANAT" партиясы Жуалы аудандық филиалының жанынан құрылған штаб төрағасы Марат Нарымбеков және Гүлнұр Қадырбекқызы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен  ұжыммен кездесу өткізді. 

 

📍Жиында 5 маусымда өтетін Республикалық референдумға орай құрылған штаб мүшелері референдумның не үшін қажет екендігіне, оның сайлаудан айырмашылығы мен Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде кеңінен тарқатып айтып берді. 

🔷Кездесу барысында Партия аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков мемлекетке, қоғамға қажетті ең өзекті нәрсені халықтың өз ойы мен пікірін біліп, дауыс беру арқылы шешім қабылдау үшін референдум өткізгелі жатқанын атап өтті. 

 

Тарихқа сәл үңілсек, осыдан 27 жыл бұрын референдум өткізілген болатын. Осы уақыт аралығында әлемде де, елдің тыныс-тіршілігінде де талай өзгерістер орын алды, жағымсыз оқиғалар да болды. Міне соның салдары жаңа бетбұрыс жасауға алып келіп отыр. Осының бәрін ескере отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда халыққа арнаған сөзінде Жаңа Қазақстанды құрамыз, барлығымыз бірге жаңарайық, жаңғырайық деді. 16 наурыз күні жаңғыру жолында жасаған Жолдауында еліміздің өркендеп өсу жолы мен бетбұрыс жасау бағыттарын айқындап берді. Сонымен қатар, Президент еліміз жаңару үшін ең бірінші Ата Заңнан бастау керектігін айтты. Өйткені, біз сол заңмен өмір сүріп жатырмыз, сол заңмен ертең балаларымыз да өмір сүреді. Мамандармен, заңгерлермен ақылдаса отырып жасалған Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмек. Оның ішінде халқымызға ең қажетті деген баптарға өзгеріс еніп отыр», - деді Марат Аманғалиұлы. 

 

🔷Өз кезегінде сөз алған Гүлнұр Қадырбекқызы

"Референдум – халық билі­гі­нің айқын үлгісі, әрбір қазақ­стан­дықтың өз азаматтық ұста­нымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының жарқын көрінісі. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды, Екінші республика құру идеясының референдум өткізуден бастау алуы" –  тарихи оқиға  екендігін атап өтті.

Жуалы ауданы
23.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 94
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 207
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 421
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 384
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1003

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10685