Күні кеше “AMANAT” партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында тоғызыншы шақырылған Шу аудандық мәслихатының кезекті ХХVІ сессиясы өтті. Жиынға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, әкімдіктің бөлім басшылары, Шу қаласы және ауылдық округтердің әкімдері, жекелеген мекеме мен кәсіпорын басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібіне сәйкес өзіме жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау бойынша халық қалаулыларының алдында есеп бердім. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 7 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жалпы динамикасына тоқталып, депутаттар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берілді. Ауыл-аймақтағы шешімін күткен мәселелерді де атап өтіп, оны оңды шешу мақсатында жергілікті мәслихат депутаттарымен бірлесе жұмыс істейтінімізді де жеткіздік.
Сонымен қатар, осы сессияда халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне қатысты шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған қоса, тиісті бөлім басшысы аудандағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау мәселесі де қаралып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.