Киіз ешқашан құндылығын жоймайды

Киіз ешқашан құндылығын жоймайды

Қазақ халқы ата кәсібі саналатын мал бағуды өмірімен біте қайнастырып, төрт түлігінен алған өнімді ысырап етпей, тұрмысына кеңінен қолданған. Табиғи таза өнімді пайдаланудың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екені айтпасақ та белгілі. Малды жесең – азық, кисең – киім. Кейбіреуі тіпті мінсең көлік те болған. Ал жүнінен төсеніш болар киіз басылып, неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады. Бүгінде ұмыт қалған осынау дәстүрді жалғастырып, жүнді кәдеге асырып, заманауи түрлі бұйым жасайтындар да бар. Есесіне табиғи өнімнен жасалған ерекше стильдегі киімнің де, бұйымның да құны жоғары бағаланып, сұранысқа ие болып тұр. Сонымен бірге жүннен басылатын киіз де қайта жаңғырып келеді. Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы Құсшы ата ауылында киіз басу дәстүрін дәріптеп жүрген әжей бар. 

Фарида Ереханова болашақта киіз басу дәстүрінің қайта жаңғыратынына сенеді. Бірер жыл бұрын киіз басудан аудан орталығында өткен байқауға ол басшылық жасайтын «Дария-Толқын» әжелер тобы да қатысып, бас жүлдені жеңіп алған. «Қазір менің бар ықыласым киіз басуға ауып жүр. Өйткені соңғы уақытта ел ішінде киізге деген қызығушылық арта бастады. Әсіресе, қыстыгүні еліміздің солтүстігіне, шығысы мен батысына көкөніс таситын жүк көліктерін жылытуға киіз сұрай келушілер көп. Одан бөлек, көліктің моторын да қатты аязда орап қойып, жылы ұстауға болады», – дейді әжей. Бұдан жүннен басылатын киіздің жылуды жақсы ұстайтынын, суыққа төзімді бірден-бір бұйым екенін аңғаруға болады. Фарида әжей қазір адамдардың қой жүнінің қадірін білмейтінін айтады. Мәселен, жүргізушілер киізден көліктің орындықтарына жабу жасап алса, бұл олардың омыртқа ауруына шалдығуына жол бермейді екен. Расында да, бала күнімізде ата-анамыз «табаныңнан сыз өтпесін» деп аяқ киімімізге киізден ұлтарақ салып беретін. Суық тиіп ауырғанымызда үстімізге жүннен тоқылған киім кигізетіні еске түсті. «Бүгінде белі, аяғы ауыратын адамдар көп. Себебі табанымыздан сыз өтеді. Үйіміздің еденіне синтетикалық талшықтан жасалған кілем төсейміз. Оның жылуы киіздің жылуымен салыстыруға келмейді. Әрі ондай синтетикалық бұйымдардың адам ағзасына тигізер зияны да орасан. Сондықтан бізге киізді табиғи жолмен заман талабына сай етіп басатын өндіріс орындары қажет», – дейді тағы бірде кейіпкеріміз. Дәрігерлер де аяғы, белі және мойын омыртқасы ауыратын жандарға көрпеше орнына киіз төсеп жатуға кеңес береді. Сонымен қатар оның адамның қан айналымы жүйесін реттеуге де әсері мол екен. Әжей ат әбзелдеріне, яғни ердің тоқымына киіз сұрай келетіндердің көп екенін айтады. Фарида кейуана бала күнінен апасы мен әжесінің көрші-қолаңды, ағайын-туысты шақырып, киіз басқанын көріп өскенін еске алды. «Мұның өзі ауылда бір мереке еді ғой. Киіз басқанға дейінгі жұмыстың өзі де бір төбе. Алдымен қой қырқымынан кейін тау-тау болып үйіліп қалған жүнді жуып, тазалап, түрлі түске бояп, тулаққа салып сабап, әбден қопсытып аламыз. Содан кейін барып ауылдағы барша әйел қауымы жиналып, текемет басуға кірісетін. Асарға келген қонақтарға арнап мал сойылып, үлкен қазанға ет асылады. Қыз-келіншектер күнделікті үй тіршілігінен аз да болса демалып, әңгіме-дүкен құрады. Үлкендер жағы оларға әдемі әңгімелерін, ақыл-кеңестерін айтып, киіз басудың қыр-сырын үйретеді. Ол кезде бұл бұйым химиялық қоспасыз басылатын. Күйе түспесін деп, оны жылына бір рет ыстық сумен жуып алатынбыз», – деп жылы жымиып өткенін еске алды Фарида әжей. Қазір киіз басу өнерінің бұрынғымен салыстырғанда айырмашылығы өте көп екен. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Киіз басу өнері – көшпенділер мұрасы» атты байқауда осынау өнердің сан түрі көрсетілген. 12 ауылдық округтен келген әжелер соңғы заманауи бағытта киіз басу түрлеріне де мән берген. Алайда біздің кейіпкеріміз ата-бабамыздан мұраға қалған дәстүрлі киіз басу өнерін көрсетіпті. Есесіне Фарида Ереханова басшылық жасайтын «Дария – Толқын» әжелер тобы байқауда топ жарып, «Ең үздік қолөнер шебері» номинациясын иемденіпті. Фарида апа үйіндегі көрпешелердің ішіне қой жүнін салады екен. Себебі «жүннің адам бойындағы суықты өзіне тартып алатын қасиеті бар» дейді. Иә, қазір жаңа технологиямен өндірілген киіздің түр-түрін базардан табуға болады. Алайда табиғи жолмен басылған дәстүрлі киіз басу өнері қашан да құндылығын жоймайтыны рас. Айта кетейік, Фарида әжей 40 жыл бастауыш сыныпта оқушыларға дәріс беріп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған жан. Атай екеуі 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, осы перзенттерінен немере сүйіп отырған бақытты ата-әже.

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ, Түркістан облысы
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 21
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 22
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 18
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550