Көк тудың желбірегені...

Көк тудың желбірегені...

Алматы облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Тұғырлы туым» атты жарқын патриоттық салтанатты жиын өтті.

Шара Әнұранның шырқалуы мен Мемлекеттік тудың салтанатты түрде көтерілуі мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің  ақжарма тілегімен басталды. 

«Қазақстан Республикасының рәміздері біздің тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық қадір-қасиетімізді еске салады. Мемлекеттік рәміздерімізде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдіретті күш бар.  Олар әрқашан жаңа жетістіктерге жету жолында бізге шабыт беріп, күш-қуатымыздың қайнар көзі болып қала береді», – деп құттықтады өңір басшысы.

Жиын «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әнді орындауымен жалғасты. Ән жиналғандардың жүрегін тебірентіп және Отанға деген мақтаныш сезімін оятты. Сонымен қатар, 30 байкерден тұратын мотоциклшілер шеруі өтті. Олар ел бірлігі мен күш-қуатын білдіретін Мемлекеттік туды Іле ауданынан бастап, Қонаев қаласының орталық алаңына дейін желбіретіп жеткізді.  

Іс-шара Қонаев қаласының кіреберісінен орталық алаңға дейінгі ретро көліктердің салтанатты шеруімен аяқталды. Қонаев қаласындағы ретро көлік салонының жетекшісі және меценат Мұрат Сіргебаев та шерудің ішінде болды. Түскі сағат 12:00-де 10 мыңнан астам облыс тұрғындары бірауыздан Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап, елжандылық пен ерекше күйге енді.

Салтанатты жиын өңір басшысының құттықтауымен аяқталды.

«Ардақты ағайын! Қадірлі жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке әрбір азаматтың жүрегіндегі отансүйгіштік сезімін күшейтеді. Ту, Елтаңба және Әнұран –  мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, басты символдар. 

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді», – деп, ұлттық нышандардың маңыздылығына ерекше тоқталған болатын.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған рәміздерімізді қастерлеу, оларға құрметпен қарау – әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Өңіріміз өркендеп, еліміз гүлдене берсін!» – деп сөзін аяқтады облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, жалпы облыс бойынша 300-ден астам мерекелік іс-шара өтіп, 23.000-нан астам қатысушы жиналды.  Облыстың әр ауданында ту көтеріліп, әнұран шырқалды.

ӘСЕМ ФАЗЫЛОВА,

Алматы облысы

 

10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 70
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 71
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 400
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 363
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 981

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9059
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8456
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11683
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9445
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10663