Е, Көкшенің жері – көк кілем,
Бізге ғайыптан несіп жетті дең.
Сырғалы сұлу Жұмбақтас
Сырласып жатыр
«Аспан!..» атты тектімен.
Қайыңның биін,
Бұлақтың күйін тыңдап көр,
Жасаулы қыздай – сырмақ көл.
Періште біткен
Жұлдыздан шырақ жағып тұр.
Жұмақтың тілін
Ақын болсаңыз, жырлап бер.
Таң атты міне,
Күмістен алқа таққан ба?
Сексен көл жатыр,
Құшағын ашып ақ таңға.
Ертегі жазып кеткен кім
Еменге біткен қабыққа:
Оғыз бен Қыпшақ,
Алан мен анау Сақтар ма?!
Мен тұрмын үнсіз
Көкшетау деген шатқалда...
Ал, Сіз кімсіз,
Жеміт-жемсау ақ қарға?..
Бурабайдың басына
Әруақ қонды бұлт болып,
Ұлытаудың басынан
Ұлт мұратын тапқанда!
Қанат қаққан елміз біз
Алыс болашақтарға!
Көкшетау – көктің мөрі екен,
Біз іздеп жүрген жұмақтың
Қазаққа біткен төрі екен!
Көзіме біткен қарашық,
Сөзім де соған дөп екен...
Сабыр АДАЙ,
Көкшетау қаласы
03.06.2026 ж.















