"КӨКТЕМ - 2025" КОМАНДАЛЫҚ- ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ.

"КӨКТЕМ - 2025" КОМАНДАЛЫҚ- ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ.
 
"2025 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" атты Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу кезеңі ұйымдастырылып жатыр.
Осы орайда, Сарысу аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою комиссиясы төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркеновтың басшылығымен, аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ күштері мен құралдарын көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша іс-қимылдарға азвматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, 2025 жылдың 06-07 ақпан күндері "Көктем - 2025" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жүргізілді.
Жаттығудың алғашқы кезеңі азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдары құлақтандырылып, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында сапқа тұрғызылды. Екінші кезең Түркістан ауылдық округі, Үш бас ауылы, "Сарысу сулары" кәсіпорнының аудандық бөлімшесіне қарасты каналында жалғасты.
Оқу-жаттығуға барлығы 22 техника және 75 адам жұмылдырылды.
Сарысу ауданы әкімдігі
07.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3064
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3280
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18186
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16889
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20285