Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 14095 гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 330 гектарға ұлғаятын болады.
Егістік жердің жартысынан көбі жыртылды. Егін егуге қажетті 260 тонна кепілдендірілген дизель отыны 194 теңгеден шаруаларға берілуде.
Биыл жалпы 300 тоннаға жуық минералды тыңайтқыш алу жоспарда бар.
Талас өзенінің суы ауа-райының болжамына сәйкес жаз айларында азайып кетуі мүмкін.
Сондықтан, шаруалар су үнемдеуге үлкен мән беруде.
Қазіргі уақытта 8 шаруа қожалығы 300 гектар егістік жерді тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісімен егуге дайындады.
Бүгін олардың бірқатарын аралап, мемлекеттен берілетін қолдаулар жайлы айттық. Жердің құжаттарына қатысты бірнеше мәселелерді анықтадық.
Жер асты суын пайдалану арқылы су үнемдеу технологиясын кеңінен қолдану шаруалар үшін өте тиімді болмақ.