КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ ӘЗІРЛІК – БАСТЫ НАЗАРДА

КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ ӘЗІРЛІК – БАСТЫ НАЗАРДА

Қызылжар өңірі егіс науқанын бастауға белсенді дайындалуда. Өңір аграрилері тұқым, тыңайтқыш сатып алу, сондай-ақ ауылшаруашылығы техникасын жөндеу сияқты барлық қажетті дайындық шараларын алдын ала жүргізе бастады. Биыл олар шамамен 4,4 млн гектар  жерге егін егеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, еліміз бидай егісін қысқартуды жалғастыруда. Бұл астық бағасының ауытқуына байланысты тәуекелдерді төмендетуге ұмтылумен түсіндіріледі. Солтүстік Қазақстан облысы да ауылшаруашылығы дақылдарын әртараптандырумен белсенді айналысады. Осылайша, биыл майлы дақылдар егісі 85 мың гектарға ұлғайып, олардың ауданы 760 мың гектарды құрайтын болады.

Жақсы өнім алу үшін өңір аграрилері 333 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіруді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Бұл қадам ауылшаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, егіс науқанын табысты өткізу үшін 470 мың тонна тұқым дайындалды, бұл өңірдің қажеттілігіне сәйкес келеді.

 

Егіс науқанын табысты өткізу үшін негізгі факторлардың бірі –  өнімділігі жоғары ауылшаруашылығы техникасының болуы. 2025 жылы егістікке 4 мың заманауи машина, сондай-ақ 1,5 мың егіс кешені шығады. Олар барынша тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шаруалар технопаркті жаңартуды жалғастыруға ниетті. Соған орай 3 миллиард теңгеге 87 мың жаңа ауылшаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр.

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығында тамаша нәтижелер көрсетіп, соңғы 13 жылда болмаған рекордтық өнім жинады. Гектар берекелілігі 19,6 центнерден айналып,  6,5 миллион тоннаны құрады. Бұл жетістік еліміздің астық егетін өңірлері арасында ең үздік нәтиже болды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 35,9% -ға артып, 936,8 миллиард теңгеге жетті.

Нұрсайын ШӘРІП
11.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4377
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4555
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19503
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18159
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21606