КӨКТЕМГІ ВЕЛО ШЕРУ

КӨКТЕМГІ ВЕЛО ШЕРУ
«ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД» республикалық мемлекеттік мекемесі мен бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар және Жамбыл облысы прокуратурасының қызметкерлері арасында көктемгі велошеру өтті.
Ұжымдық қарым-қатынасты қалыптастыру, тұрғындар арасында жүйелі түрде дене шынықтыру және спортқа деген қызығушылығын арттыруды мақсат тұтқан шараның ашылу рәсіміне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова пен қала прокуроры Нұржан Боранбаев арнайы қатысты.
Әуелі Гүлдана Әлімжанқызы сөз алып, велошеруге қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бүгінгі іс-шарамыздың басты мақсаты – пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету және салауатты өмір салтын насихаттау. Бүгінде Тараз қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде жалпы қала тұрғындарының 40 пайыздан астамы шұғылдануда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Гүлдана Жауынбекова өз сөзінде.
🔹Бұл күні велошерушілер Тұңғыш Президент саябағынан бастап Төле би даңғылының соңына дейін жүріп өтті.
📌Сондай-ақ қатысушылар арасында гір тасын көтеру, асық ату, қол күресі, арқан тарту, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тараз қаласының әкімдігі
29.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 244
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805