Ол үшін сіз және көлікті сатушы тарапқа қосымшада бірнеше батырманы ғана басу қажет.
САТУШЫ: Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен «Автокөлікті қайта рәсімдеу» қызметін таңдау қажет. Әрі қарай көлікті тіркеуден шығару батырмасын басып, сатып алушының деректері мен көлік құнын көрсету қажет. Егер сатушы өзінің мемлекеттік тіркеу нөмірін өз атына қалдырғысы келсе, тиісті жерге белгі қою тиіс. Бұдан кейін өтінімге Kaspi электрондық қолтаңбасы қойылады. Содан кейін «Көлікті тіркеуден шығарылды» деген SMS-хабарлама келіп түседі.
САТЫП АЛУШЫ: «Автокөлікті тіркеуге қою» қызметін таңдап, сатып алу сомасын енгізе отырып, көлік туралы мәліметтерін растауы тиіс. Мемлекеттік нөмір мен техпаспортты алып кететін мамандандырылған ХҚО-ның мекенжайын көрсетеді.
Рәсімдеу процесі өтінімге қол қою мен қажетті баж алымдарын төлеумен аяқталады.
Көліктің тіркелгендігі жайлы хабар Kaspi қосымшасына үш сағат ішінде келеді.
Қызмет құны: Техпаспорт — 3646,25 тг, Көліктің жаңа нөмірі — 8167,60 тг, Тіркеу үшін — 729,25 тг.
Рәсімдеуді бастамас бұрын Kaspi мобилді қосымшасын және электрондық қолтаңбасын алдын ала алғаныңыз жөн.