“Өрлеу” БАҰО АҚ “Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты” қызметкерлері Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп – гимназиясының педагогтерімен кездесіп, пікір алмасты.
Мұғалімдердің шығармашылық ізденістері арқасында мектеп оқушыларының басым бөлігі түрлі үйірмелерге қамтылған. Бірнеше жобалар іске асырылуда.
Мысалы, «Арт – терапия – балалар бағбаны» жобасының үш бағыты: құм терапиясы, саз балшық, ертегі терапиясы оқу іс-әрекетінде қолданылуда.
«Робот Aido» жобасы оқушыларға озық технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби бағдар беруге, информатика, математика және 3D модельдеу, тездетілген прототипі бар жабдықтарды пайдалана отырып, бөлшектерді өңдіру технологиясын меңгеруге, цифлық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.
«Комбайн» жобасы – қашықтықтан басқаратын комбайн жобасын іске асыру, роботты техника бойынша білімдерін жетілдіруге көмектеседі.
«Қызықты биология» жобасы арқылы «Ақылды жылыжай» құрастырып, зертханалық жұмыстар жүргізілуде. Python бағдарламасы көмегімен арнайы ылғалды, температураны өлшеуге, тамшылатып суғаруға арналған бағдарлама жасалған.
Жобаның мақсаты – мектеп оқушыларын құнарлы, табиғи өніммен қамтамасыз ету. «Қуыршақ» театрына 1-4 сынып оқушылары қамтылған. Оқушылар қуыршақ жасап, қойылымға кіріседі. Актерлік қабілеттерін ұштайды. Образға енуді үйренеді. Бұл өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандырады, ана тілін сүйетін, адамгершілік, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырады, шығармашылыққа бейім жеке тұлғанының қалыптасуына мүмкіндік береді.