Жамбыл ауданының 95 жылдығы қарсаңында «Мәдениет – асыл қазынам» атты аудан күндері басталды.
Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәден, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы және облыстық, аудандық деңгейдегі басшылар мен аудан азаматтары қатысты.
Шараға жергілікті өнер қайраткерлерімен қатар, осы жердің түлектері,бүгінде Астана мен Алматыдағы үлкен сахнада жұршылықтың жүрегін баурап алған жұлдыздар өз өнерлерін көрсетуде. Бұл күні сондай-ақ кітап, қолөнер көрмелерімен қатар, ауылшаруашылығының жәрмеңкесі де өтуде.