Конституция құрдасы – полиция қызметкері Ата Заңның құрдастары биыл – 29 жаста. Дүние есігін 1995 жылы ашқандар бүгінде тұлға ретінде қалыптасқан, жауапты қызметтердің тұтқасын ұстауға жарайтын толыққанды маманға айналды.

Конституция құрдасы – полиция қызметкері Ата Заңның құрдастары биыл – 29 жаста. Дүние есігін 1995 жылы ашқандар бүгінде тұлға ретінде қалыптасқан, жауапты қызметтердің тұтқасын ұстауға жарайтын толыққанды маманға айналды.

Олардың арасында алуан мамандықты игеріп, елдің қарыштап дамуына үлес қосып жүргендері де аз емес. Білім, медицина, кәсіпкерлік, спорт саласында толағай табысқа жеткен бесаспап мамандар жетерлік. Солардың бірі – БҚО Полиция департаментінің ІІ санатты автокөлік шаруашылығының полицей-жүргізушісі,  полиция аға сержанты Салық Хаметов. Конституцияның құрдасы Салық Мағзомұлы ішкі істер органдарында 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Өз ісіне мығым, шаруасына мұқият, көлігіне аса ұқыптылықпен қарайтын тәртіп сақшысы. Өңірде орын алған қылмыстарға жедел-тергеу тобының жол ережелерін қатаң түрде сақтай отырып, уақтылы және жедел түрде жетуін қамтамасыз ету – жас полицейдің міндетінде.

Сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта қоғамдық бірлестік арқылы жастардың спортпен айналысуына өз септігін тигізіп келеді. Мұндай «үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидатымен жастар қоғамдық бірлестігін құру идеясы 2012 жылдан бастау алған. Кіші буынға көмек қолын созу мақсатында досымен бірге құрған бірлестіктің қазіргі жаңа атауы «Жебе» деп аталады екен. Осы жылдар ішінде олар өмірде өз орындарын таба алмай жүрген жас өрендерге спортқа жол ашты, өзінің өскен ауылында спорттық үйірмелердің ашылуына, оған қажетті керек-жарақтарды алуға өз қаражаттары есебінен көмектерін аямады.

          С.Хаметов: – Полиция болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Ұстамды болып, азаматтармен тіл табыса білу және сыпайы болу – басты шарт. Полиция қызметі мансап пен бақ қуғандар үшін ғажайып баспалдақ емес, әділдікті жақтап, жемқорлыққа қарсы тұру керек. Мемлекет бізге өзіміз қалаған білім мен мамандықты алуға мүмкіндік берді, енді халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елді қорғау – біздің міндетіміз. Біз ант қабылдап, ант береміз, – дейді.

БҚО Полиция департаменті
30.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 175
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 685
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 806
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 719

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8875
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8270
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11498
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9254
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10481