Конституция – Тәуелсіздік жаршысы

Конституция –  Тәуелсіздік жаршысы

Мемлекетіміздің негізгі заңы – Конституциямыздың бекітілуімен тәуелсіз еліміздің түбегейлілігі бекіді. Дербес босағамыз нықтап орнығып, заң-мен тірегі өрілген мықты елдің рухты болашағы айқындалды. 

Конституциямыздың бекітіліп жеке дербес мемлекет болып құрылғаннан бері көп істер атқарылды, біраз көне түйіндер де шешілді. 

Ата Заңымыздың қабылдануында  толыққанды жеке мемлекет болып құрылудың сара жолының шимайы шешілді. Сонау сан ғасырлық бабалар аңсаған нық елдіктің Ата Заңы арқылы саяси, экономикалық жүйелер орнықты. Ұлттың дамуы, көпжақты құбылыстардың іске асуы елдігімізді арттырды. Халықтың нығаюына қатысты әлемдік танымға шығу барысында  маңызды  істер   атқарылды. 

Тәуелсіз мемлекетіміздің Конституциясы жаңа бастауларға  жол ашты. Ұлттық санамызды серпіп, рухымызды оятып, тарихымыздың ақтаңдақ беттерін аршуда мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам өмірі, құқықтары мен бостандықтарының бірінші тұруы кең тыныстауға нұсқады.

Құрсауланған елдігіміздің билік шектесе де ұлттық мүддені биік қойған хандары мен батырлары, ғалымдар мен ақын-жазушылардың ақталып, тәуелсіздігі үшін тұншықтырылған ерліктері паш етілді. Қазақстан халқының тарихи кезеңдері мен елдер басына түскен нәубеттерін айқындап, жоғын түгендеуге қорған болып, қамқорлық білдірді. Ел патриотизмін одан ары дамыту негіздерін ашып, болашақ ұрпаққа дәріптеу нақтылы орын алды.

Тәуелсіз Конституциямыз ұлттық мүддені жоғары қойып, мемлекетті ары қарай жаңа тұрғыда дамуына құлшына кірісті. Республика қызметтерінің негізгі алғы бастамалары қоғамдық татулықты сақтап, халықтың игілігін көздейтін мәселелер алғышарттары болды.

Кеңестік кезеңдегі өкімет билігі тарапынан орын алған шекаралық бөліністерде халық жанайқайы тыңдалмады. Билік тарапынан әрекет еткен қазақ елінің біраз шекаралық аймағы үлестірілді. Ол туралы Д.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты кітабынан оқуға болады. Ел мен жердің екі бөлініп, біртұтастығына нұсқан келуінен әлі күнге дейін зардабын тартуда. Бұл халық үшін ауыр кезеңдер болды.

Тәуелсіз еліміздің Конституциясының екінші бабы бойынша жеріміздің бөлінбеуінен, сырт көздің қол сұғуынан сақтау зайырлы мемлекеттігіміздің  басты заңында нақты айтылды.    

Қазақстан Республикасының Конституциясы Тәуелсіз еліміздің ең қымбат қазынасы – халықты толыққанды дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтын құқықты мемлекет өмірінің маңыздылығын түсіне білуіміз қажет. Болашақ ұрпаққа мұра болып берілетін атамекен шаңырағы биіктеп, заңы кемелденген, босағасы берік мемлекетте сенімді де батыл буынның қалыптасатыны аян. Тамыры тереңде жатқан еліміздің қалыптасуынан бастап, тәуелсіз мемлекетке дейінгі сан ғасырлық тарихымыздан егеменді Ата Заңымыздың қадір-қасиетін, беделін әрбір азамат түсінуі қажет. Себебі тағдыры тоғысқан көпэтносты мемлекетіміздің азаматтары үшін қазақ жері билігі қолында болмағанның өзінде оларға пана болып, қатерлі жолды бірге өткерді. Бүгін де барлық қазақ жерінде тұратын этностардың теңдік пен еркіндік тауып, татулықта бейбіт өмір сүру құқықтары бар.

Тәуелсіз еліміз жасай берсін, рухымыз асқақтап, алар асқарлы белестеріміз көп болсын дегім келеді.

Қ.К.ҚОЖАХАНОВА, т.ғ.к., Алматы қаласы музейлер бірлестігі, Д. Қонаев музейі ғ.қ.
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 51
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 579
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 693
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 617

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367