Көші-қон заңын бұзған 10 мың мигрант анықталды

Көші-қон заңын бұзған 10 мың мигрант анықталды

11-14 наурыз аралығында елімізде «Мигрант» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің сайтында хабарланды. Оның барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңға жуық фактісі анықталған. Анықталған заңсыздықтардың арасында «4,5 мың шетелдік азамат елде болу мерзімін бұзған. 2,5 мыңы заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Оның ішінде 60 заңсыз такси жүргізушісі бар. Бұған дейін жүргізілген арнайы операция кезінде 700-ге жуық заңсыз такси жүргізушісі анықталған болатын», – дейді ІІМ-нің баспасөз қызметі.

1240 шетелдік сот шешімімен елден шығарылып, оларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Заң бұзушылардың басым бөлігі жақын шет мемлекеттен келгендер. Бірақ одан бөлек Бангладеш, Египет, Италия, Нигерия және Мадагаскар азаматтары да анықталды. Іздеуде жүрген 20 шетелдік ұсталды, – деді ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Таратылған ақпаратта нақты деректер көрсетілген. Мәселен 2200 қабылдаушы тұлға шетелдіктердің келуі туралы полицияға хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 12 млн теңге айыппұл салынған. 500 қазақстандық жұмыс берушіге шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 33 млн теңге айыппұл салынған. Олардың ішінде бес тұлға осындай әрекетті бұрын да жасаған. Қазір бұл азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан көрінеді.

– Шетелдіктерге жалған құжаттар рәсімдеген Қазақстан азаматтарына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды. Мысалы, Астана қаласында бір университет жатақханасында комендант 56 еңбек мигрантына студент ретінде уақытша тұруға рұқсат берген. Алматы облысында нотариустың көмекшісі шетелдіктерді «жоқ» мекенжайларға тіркеу үшін жалған сенімхаттар рәсімдеген. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Аслан Аталықов.

– ІІМ миграциялық заңнаманы сақтауға және шетелдік қонақтар мен Қазақстан азаматтарын көші-қон мәселелері бойынша заңсыз қызмет көрсететін күмәнді тұлғаларға жүгінбеуге шақырады. Шетелдіктердің келуі туралы хабарлама беру, жеке сәйкестендіру нөмірін алу, дакторегистрацияны өту және уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу үшін мемлекет төлем алмайды. Заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз, – деп атап өтті ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
20.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805