КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРНИРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ІРІКТЕУ  ТУРНИРІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Елорда әкімдігі жанындағы Орталық алаңда  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына ең мықты қазақстандықтар арасында «Толағай» республикалық іріктеу турнирі өтті.

Турнир аясында жарысқа қатысушылар үш рекорд орнатты. Азамат Бектасов бір қолымен салмағы 82 кг гір тасын 26 рет көтереді. Бауыржан Әбдіхаим салмағы 40 кг болатын қойды арқасына қойып, 5 мың рет отырып тұрды. Гиннес рекордтар кітабының бірнеше дүркін рекордшысы Жамали Диханұлы тағы бір рекорд орнатты. Спортшы салмағы 3 тонна болатын көлікті 25 метр қашықтыққа сүйреп апарды.

Турнирге еліміздің әртүрлі өңірлерінен іріктелген 19 спортшы қатысады.

«Бүгін Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына республикалық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Әлемнің 92 елінен 5 мыңға жуық спортшы келеді күтілуде. Бүгінгі турнирде спортшылар бес сайыс бойынша бақ сынауда. Жарыс ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында өткізілуде. Бүгінгі турнирге 19 мықты спортшы қатысып, өз өңірлерінің намысын қорғап жатыр», – деді ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшарип.

Спортшылар бес сайыс бойынша жарысады: ұзындығы 1,5 м темірді желкеге майыстыру, межелі жерге дейінгі қашықтықта салмағы 100 кг тасты көтеріп апару, салмағы 130 кг ауыр бөренені иығына қойып, көтеру, 200 кг жүк арбасын сүйреу, он келі найзаны қашықтыққа лақтыру.

«Мұнда ең мықты спортшылар жиналды. Жарыс ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өткізіледі. Көріп отырғаныңыздай, турнир қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды. Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Астана күнімен құттықтаймын!» – деді жобаны ұйымдастырушы Тимур Спатаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс жеңімпаздары қыркүйек айында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын болады.

Сонымен қатар 7 шілде күні  ЭКСПО алаңында домбыра күніне арналған мерекелік шоу-концерт өтті. Кеш қонақтары: «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Мade in KZ» тобы, Ибрагим Ескендір және «Алтын Домбыра» балалар шығармашылық орталығы, «Assyl» тобы, Kalifarniya, Qanay, Ақтоты Болшова және басқа да әртістер.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6327
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5765
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8961
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6759
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7964