Бүгін ауылдық округ әкімдері, бөлім мен тиісті мекеме басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Басқосудың күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылып, жауапты ауыл әкімі мен бөлім басшысы баяндама жасады.
Ең алдымен аудан әкімдігіне қарасты жер қатынастары бөлімінің басшысы баяндама жасап, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды және жайылым төңірегіндегі түйткілді мәселелерді атап өтті.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Д.Қонаев ауылдық округінің әкімі баяндама жасап, ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, аталған ауылға жүргізілген инспекторлық зерделеу жұмыстарының нәтижесінде ауылдағы кем-кетік жұмыстарды, көше бойындағы жол белгілері мен жарықтандыру және қоқысқа қатысты мәселелерді уақыт оздырмай шешу қажеттігі ескертілді.