«Leader TopIQ – 2024» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

«Leader TopIQ – 2024» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

2024–2025 жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында білім беру қызметкерлеріне арналған Тамыз кеңесінің өңірлік және республикалық отырыстары өтеді. Биылғы республикалық тамыз Саммитінің тақырыбы: «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» атауымен танылды. Бұнын да өз жөні бар.

Білім беру ұйымдарын жаппай цифрландыру маңызы – бүгінгі заманның басты талабына айналуда. Цифрлық сауаттылық – болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпарат алу әлеуетін арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сондай-ақ, білім сапасын көтеру, оқыту үдерісін қолжетімді ету, мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың байланыстарын жеңілдету тұрғысынан да өзекті.  

Еліміздегі ірі баспалардың бірі - «Алматыкітап баспасы» да осы іске өз үлесін қосуда. Баспа – 2020 жылы жеке қаражатына жаңа «TopIQ.kz» электрондық оқулықтар платформасын әзірлеп, оны апробациядан сәтті өткізіп, республикамыздың көптеген мектептеріне қолданысқа енгізді.  Платформа - еліміздегі тұңғыш онлайн және офлайн форматындағы 3D электрондық оқулықтар кітапханасын біріктірген білім беру ресурсы болып табылады. Сондай-ақ, биылдан бастап платформаға, ақпараттық қауіпсіздігі жан-жақты қарастырылған жасанды интеллект үлгісі де енді. Осы еңбектердің арқасында, баспа спикерлері биылғы Тамыз саммитінің мінбесінде сөз сөйлеуге шақырту алып, әр облыс педагогтер қауымдастығы алдында цифрлық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілімен бөлісті, кітап көрмелері мен мастер-класстар ұйымдастырып, дәстүрлі іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.

Әр жыл сайын қаңтар айында TopIQ.kz платформасы Лондонда өтетін BETT цифрлық технологиялар көрмесіне қатысады. 2021 жылы Лондандағы The Global EdTech startups competition GESA East Europe & Central Asia Semifinal (GESAwards) халықаралық байқауында үздік атанып, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерінен келген 147 үміткердің ішінде екінші орын иеленді.

Соңғы жылдары BETT көрмесіндегі негізгі тақырып – оқыту ресурстарында ЖИ қолдану форматтары мен мағынасы төңірегінде. Алматыкітап баспасы Халықаралық цифрлық технологиялар көрмелерінде болашақтың бағдары ЖИ екендігін ерте аңғарып, өз платформасына ЖИ модельін енгізді. Оны «Qamqor» деп атап, ұстаздарға ұсынды.

Qamqor - кез келген оқулықтың жанында көмекші-ассистент ретінде қызмет көрсетуге дайын. Платформадағы көмекші оқушының назарын аударатын анимациялық кейіпкер ретінде «Қандай көмек керек? Сұрай бер» дей келе, тақырып бойынша түсініктемелер беріп, оқулықтағы сөздің анықтамасын ашуға, фактілерді қосымша мысалдармен бекітуге көмектеседі. Сондай-ақ, күрделі тақырыптарды тереңірек зерттеу үшін қосымша ресурстарды ұсына отырып, бірден кері байланыс алуға мүмкіндік береді.

Міне биылғы Тамыз саммитінде білім беру саласына енгізіліп жатқан осындай жаңалықтар жөнінде ұстаздарға баяндама жасалып, арты республикалық “Leader TopIQ – 2024» байқауының өңірлік жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен айшықталды. Іс-шара қонақтары бір жағынан жаһандық ақпаратпен сусындап, келесі бір жағынан жаңа оқу жылы алдында шабыт пен шаттық сыйлайтын сәттерге куә болды.

Еліміздегі тұңғыш электрондық оқулықтар платформасының қолдану аясын кеңейту мақсатында «Алматыкітап баспасы» төрт жыл қатарынан республикалық «LEADER TOPIQ» байқауын өткізіп келеді. Осы жылдар ішінде байқауға 2 мыңға жуық адам қатысты., Олардың арасында 1300 мұғалім, 300 бала, педагогикалық колледждің 150 студенті бар.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атап өткендей, конкурс мұғалімдердің мәртебесі мен кәсіби дамуына оң әсерін тигізіп, олардың педагогикалық арсеналын байытады. Жаңа технологияларды тез меңгеріп, цифрлық замандағы цифрлық санадағы кейінгі ұрпақты сабаққа еліктіруге жол ашады.

Биыл байқауға еліміздің 17 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 500-ге жуық өтінім қабылданды. Айтулы додада еліміздің                              20 өңірінен 12 аймақ оза шауып, 58 қатысушы үздік деп танылды. Осылайша, кәсіби біліктілігі мен бәсекеге қабілеттіліктері арқасында, көптеген жандар жеңімпаз атанып, өздеріне тисілі ақшалай сертификаттар мен сый-сияпаттарға ие болды. Бұндай қаржылай ынталандыру - білім саласында сан жыл қажымай еңбек етіп жүрген жандарға  көп-көрім көмек болатындығы рас.

Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарын өз әріптестері алдында құттықтап, бүкіл өңір алдында мәртебелерін асқақтату - өңірілік саммиттің позитивті өтуіне өз септігін тигізгенің тілге тиек еткен жөн.

Гүлмарал Қабдолашева
23.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 195
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 189
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 698
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 821
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 734

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496