Лицензиядан айырылған компаниялар

Лицензиядан айырылған компаниялар

2024 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер шеңберінде «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ 426 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 192 ұйғарым берді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. Таратылған ақпаратта мынадай мәліметтер келтірілген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 312-бабының 2-бөлігі бойынша Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сапасыз құрылыс-монтаж жұмыстарын орындағаны және мемлекеттік нормативтерді бұза отырып, жобалық құжаттамадан ауытқығаны үшін бес компания құрылыс лицензияларынан айырылды:

– «Пром Строй Гарант Кз» ЖШС ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеуді және реконструкциялауды қамтитын өзге де жасанды құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға II санаттағы лицензиядан айырылды.

– «Granite» ЖШС ғимараттар мен құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, тұрғызуды, топырақтағы арнайы жұмыстарды қамтитын инженерлік желілер мен жүйелердің кіші түрлері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға ІІ санаттағы лицензиядан айырылды.

– «Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиядан айырылды.

– «Sheberbuild» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 2023 жылғы 18 қазандағы №23022845 лицензиясынан айырылды.

– «Астана-Көктем С» ЖШС 2022 жылғы 25 қарашадағы №0000360 ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде шатыр жабындарын қоса алғанда, тірек және қоршау конструкцияларын тұрғызудың, монолитті орнату, сондай-ақ құрама бетон және темірбетон конструкцияларын монтаждау, қабырғалар мен бөлімдердің дана элементтерін қалау және ойықтарды толтыру, топырақтағы арнайы жұмыстар, оның ішінде негіздерді салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға лицензиясынан айырылды.

Мемлекет бойынша құрылыс ең қарқынды жүріп жатқан Астана қаласында құрылыстың төңірегіндегі дау-дамайдың жыры бөлек әңгіме екені белгілі. Мұндай келеңсіздіктер ең алдымен үлескерлерді тақырға отырғызып кеткен алаяқтар басқаратын компаниялардың айналасында көп болып еді. Ал тағы бір бөлім компаниялар тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды салу барысында сапасыз материалдарды қолдану, жұмысты талапқа сай істемеу сынды кәсіби қателіктерге бой алдырғаны бар. Үлескерлер мәселесі қала әкімшілігінің тікелей күш салуы нәтижесінде, кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Сондай-ақ осыдан біраз жыл бұрын құрылыс компанияларына қала әкімшілігінің кепілдігі болу деген шарт енгізілгені белгілі. Осы шешімнің нәтижесінде үлескерлер өздері жоспарлап отырған пәтерлерін уағында ала бастады. Мұнда жұмысты сапасыз атқарған, уағында тапсыра алмайтын немесе өзге де заң мен тәртіпті бұзған компаниялар анықталып, құқықтық жауапкершілігі қаузалып, оларды лицензиядан айыру көзделген еді. Бұл бір жағынан тұтынушылардың мүддесін қорғауға ықпал етсе, екіншіден, құрылыс компанияларына бақылау мен жауапкершілікті арттыруға айтарлықтай мүмкіндік берді. Қала әкімшілігі мұндай мәліметтерді ашық ақпарат көздерінде жариялап, тұрғындардың сеніміне бөленіп келеді.

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 57
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 697
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370