Лудомандарға eGOV-тан шектеу қоюға болады

Лудомандарға eGOV-тан шектеу қоюға болады

 8 шілде күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Көптен күткен заңға Мемлекет басшысы қол қойғалы, қоғамда бұл жөнінде түрлі талқылаулар жүріп жатыр. «Заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізіледі. Атап айтқанда, құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар (атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер банкі) қосылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына шектеу қойылады», – делінген таратылған ақпаратта. Біз шектеу қойылатын адамдардың санаты туралы газетіміздің өткен нөмірлерінде хабарлаған едік. Алдағы уақытта ресми түрде күшіне енетін бұл заңда жоғарыда айтылғандардан бөлек мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайтындығы анық белгіленген. Сонымен қоса букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына да шектеу қойылды. Аталған заңды кеңінен талқылап, оның кейбір тармақтарына тоқталып өткен тұлғалар оның қызықты да тиімді тұстары туралы айтып жатыр. Мысалы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев лудомандардың банк картасына шектеу қоюға болатындығы туралы айтып берді. – ХҚКО-ға барып немесе оның интернеттегі баламасы eGOV-қа кіріп, өзіңізді шектеуге болады. Қазірше бір жылға дейін шектеу қоюға болады, ал заң күшіне енген соң, 10 жылға дейін шектеу қоюға болады. Сол аралықта сол азаматтың банк картасынан ешқандай казино немесе букмекерлік кеңсе төлем қабылдай алмайды. Оның қандай жақсы тұстары бар? Мысалы бір азамат осы құмарпаздық дертіне шалдықты дейік, оның туыстары бауырластық танытып, үгіт жүргізу арқылы оның көзінше eGOV қосымшасы арқылы белгілі мерзімге шектеу қоюына болады. Шектеу бір рет қойылғаннан кейін мерзімі жетпей алынбайды. Бұл өте маңызды нормалардың бірі, – деді Елнұр Сабыржанұлы. Біздің елде электрондық үкіметтің жақсы дамығандығын еске алсақ, бұл өз кезегінде құмарпаздық дертіне шалдыққан адамдарға белгілі деңгейде қысым түсіру арқылы оларды жаман әдеттерден арылуға септігін тигізетін болмақ

18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 121
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 120
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 667
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8814
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8213
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11440
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9195
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10424