Мәдениет пен өнер – қоғам айнасы

Мәдениет пен өнер –  қоғам айнасы

Мәдениет пен өнер – қоғамның айнасы, елдің рухани мұрасы, асыл қазынасы. Өйткені өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да дамыту мәселесі қолға алынғаны жасырын емес. Заманауи мәдениет ошақтары салынып, ел игілігіне беріліп, түрлі бағдарлама негізінде елдің мәдени білімін тереңдету, ең бастысы, ел дамуы үшін мәдениеттің де озық деңгейде дамуы қарастырылды. 

Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Осы орайда, қасиетті Байзақ жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту бағытында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді.

Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 20 ауылдық клуб, 1 аудандық орталық, 1 аудандық балалар және 23 ауылдық кітапхана, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 2 «халықтық» атағы бар ұжым тұрғындарға мәдени қызмет көрсетеді.

Ұлы даланың биік рухы саналатын өрелі мәдениетіміз бен өнерімізге жыл сайын шынайы қамқорлық пен қолдау көрсетіліп келеді. 2020 жылы елдімекендерді мәдениет нысандарымен қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен Бурыл ауылына 180 орындық (жоба құны – 157901 мың теңге), Жетібай ауылына 90 орындық (жобалық құны – 101609 мың теңге), Көкбастау ауылына 90 орындық (жоба құны – 96211 мың теңге) мәдениет ошағы салынды. Барлығы республикалық бюджеттен 355 млн 727 мың теңге бөлініп, желтоқсан айында ел игілігіне берілді. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тапты. Қыркүйек айында Тегістік ауылынан 90 орындық (жоба құны – 130537 мың теңге) мәдениет үйінің құрылысы басталса, Көктал ауылдық мәдениет үйінде (115 439 мың теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар желтоқсан айында аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Айрықша атап өтетін жай, аудан аумағындағы барлық мәдениет ошақтары газға қосылған, бірқатарына модульдік қазандықтар орнатылған. Сондай-ақ мәдениет ошақтарының алдыңғы жағын және төңірегіне түрлі декоративтік ағаштар егіліп, орындықтар қойылды, жарықтар орнатылуда. Мұндағы басты мақсатымыз – ауылдық клуб, кітапханаларда ауыл жастары мен тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін орта қалыптастыру.

Сонымен қатар 2024 жылы Кеңес, Ақшолақ ауылдарынан 90 орындық, 2025 жылы Мырзатай ауылынан 120 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы жоспарланып, Жамбыл облысы бойынша елдімекендерді мәдениет нысандарымен қамту картасына енгізілді.

Кітапхана – ұлттың рухани азығы. Ақыл мен білім ордасы саналатын орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша аудандық көпшілік кітапхана, аудандық балалар кітапханасы мен 23 ауылдық кітапхананың кітап қорында 280 654 кітаптың 140 155-ы мемлекеттік тілде. Оқырмандар саны – 19 047. Биылғы тоғыз айда 581 іс-шара өткізілді.

Ауыл кітапханаларының жұмысын жаңғырту және шалғай елдімекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында барлық кітапханалардың базасынан ашылған 25 цифрландырылған ақпараттық орталықтар мен ауылдық округ әкімдері арасында келісімдер жасалынды. Осының нәтижесінде 2022 жылы тұрғындарға 25000 анықтама берілуі жоспарланса, бүгінгі күнге 30-дан аса қызмет түрі бойынша 15219 анықтама берілді. Аталған орталықтарда көрсетілетін қызметтерді басқару және іске асыру бір орталық жүйеге қосылған жеке сайт ашылып, онда аудан бойынша, ауылдық округтер мен мекемелерде көрсетілетін қызметтер және түрлі мәліметтер базасы жинақталып, сайтқа толығымен енгізілген.

Мұражайдың кейінгі ұрпақты елжандылыққа, отаншылыққа тәрбиелеуде, жұртшылыққа тарихи-танымдық, ағартушылық қызмет көрсетудегі қызметі ерекше екені белгілі. Биылғы жылдың тоғыз айында аудандық тарихи-өлкетану музейінде 22 көрме, 31 экскурсия ұйымдастырылып, 24 танымдық дәріс өткізілді. Мәселен, «Әлем таныған Елорда», «Музей сабақтары мұражайға саяхат», «Елім – тірегім» атты көрме, Балалар жылына орай, мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштер» тарихи-мәдени музейі қорығының жылжымалы архeологиялық көрмесі, «Қазақстанның киелі жерлерінің гeографиясы» жобасы аясында аудан аумағындағы VI-XII ғасырларға жататын ортағасырлық «Оххум» қалашығына, Тараз қаласындағы «Айша бибі» кесенесіне, Қарахан, Тектұрмас архитектуралық ескерткіштеріне, облыстық тарихи-өлкетану мен көркемсурет галереясына экскурсия ұйымдастырылды. Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына орай «Дара тұлға», Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігін ұлықтаған «Ерлік ешқашан ұмытылмайды», ауған соғысы ардагерлерінің ерлігіне арналған танымдық дәрістер мазмұндылығымен ерекшеленді. 

Жалпы музейге келушілер саны 1400 адамды құрады. Есепке алынған экспонаттар саны – 71. Тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Аудан бойынша бүгінгі күнге 226 тарих және мәдениет ескерткіштері есепке алынған. Оның ішінде үшеуі республикалық дәрежедегі  архeологиялық ескерткіш (Төменгі Барысхан, Түймекент, Охуум қалашықтары). 1 ескерткіш ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енген маңызы бар Қостөбе қалашығы. 2020 жылы 13 тарихи-мәдени ескерткіштің құжаттары заңдастырылып, оған 1801,1 мың теңге, 2021 жылы 1 ескерткіш (Ғ.Байтасов) заңдастырылып, оған 186 мың теңге жұмсалынды. Бүгінгі күнге барлығы 40 тарихи-мәдени ескерткіштің құжаттары заңдастырылған.

Байзақ елі ақындардың елі саналады. Батыр Байзақ датқаның есімімен аталатын ауданның тарихында Жамбыл драма театрының негізін қалаған байзақтық Шәріпбай Сәкиев, белгілі қоғам қайраткері, жазушы, журналист, ақын, драматург, «Парасат» ордені мен «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері Арғынбай Бекбосын, ақындар Жақсылық Сәтібеков, Әсілхан Рахманов, белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов, «Отырардың күйеуі» атты фильмді түсірген, кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтің ізін жалғастырған аузымен құс тістеген айтыскер ақындарымыз марқұм Әзімбек Жанқұлиев, Мұхамеджан Тазабеков, Алтынкүл Қасымбекова, Ертай Тазабеков, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр, Есжан Әміров секілді таланттар ауданымыздың мақтаныштары саналады. «Ат тұяғын тай басар» демекші, таланттар туған ауданымызда бүгінгі таңда да жас өнерпаздар, халықаралық ақындар айтысында Әсет Дүйсебаев,  Рай Дөңбай, Дархан Әбдіманат, Ернұр Бейсен жүлдені қолдан бермей келеді. 

Биыл «Шолпан» халық ән-би ансамблінің құрылғанына 50 жыл толып отыр. Осыған орай, араға жыл салып өтетін «Көне Тараз» этнофольклорлық ансамбльдердің конкурсында «Шолпан» халық ән-би ансамблі соңғы екі жылда бірінші және екінші орынды иеленді. Ауданымыздың даңқын алысқа шығарып жүрген дәстүрлі ән өнері бойынша Бекарыс Көштаев, әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әншісі Динара Диқанбаева, Дулат Жасұзақов, «Шолпан» халық ән-би ансамблінің домбырашылары Дидар Басығараев пен Жалғас Аруанов халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері атанды.

Мемлекеттік және атаулы күндерге арналған мерекелік іс-шаралар аудан өмірінің елеулі оқиғалары болып табылады. Жалпы 21 мәдениет ошақтарында ағымдағы жылдың  9 айында (аудандық мәдениет үйі мен 20 ауылдық клубтарда) 432 көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 48709 адам қатысты. Аудан көлеміндегі елдімекендерде өнердің дамуы мен мәдени жұмыстарды жандандыру мақсатындағы «Жамбыл – менің  жай атым, халық – менің шын атым» ақындар айтысы, «Байзақ жұлдызы» ән байқауы, Қазақстан халықтары достығы фестивалі, жас ақындар айтысы, «Екі жұлдыз» мега-шоу, «Жас толқын» шығармашылық фестивалі, «Байзақ аруы», «Жігіт сұлтаны», «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!», «Батагөй қариялар», «Би әлемінде», «Асыл әже – ғасыр әже», екі жылда бір рет өтетін «Алты Алашқа танымал ақын еді» атты айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевті еске алуға арналған ақындар айтысы, «Жүрегім жүрегіңмен егіз бе еді?..»  жұптар байқауы, «Кішкентай ханзада мен ханшайым», «Әнші балапан», жастарға арналған өнер байқаулары жүйелі өтіп тұрады. Мұндай байқаулар нағыз таланттардың жарқ етіп шығуына, елге танылуына жол ашып отырғаны анық. 

Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы мен парасаты. Елдің бет-бейнесі оның мәдениеті мен экономикасына байланысты қалыптасады. Ұлы даланың биік рухы саналатын өрелі мәдениетіміз бен өнерімізге жыл сайын шынайы қамқорлық пен қолдау көрсетіліп келеді. 2023 жылы 8 мәдениет ошақтарына (Дихан ауылдық мәдениет үйі  (22 953 039 теңге), Түймекент ауылдық мәдениет үйі (25 163 644 теңге), Мәдімар ауылдық клубы (11 813 467 теңге), Дихан-2 ауылдық клубы (13 592 362 теңге), Байзақ ауылдық клубы (9 901 теңге), Үлгілі ауылдық клубы (11 500 теңге). Жақаш ауылдық клубы (6 058 236 теңге), Аймантөбе ауылдық клубы (8 657 280 теңге) жалпы сомасы 108 738 929 теңгеге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, қаржы бөлуге ұсыныс берілді.

Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Ұлттық мәдениетімізді насихаттау жолында алға қойған міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін жүйелі жұмыстар атқарыла беретін болады. 

Дәуір ДӘУЛЕТОВ, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601