Ананы құрметтеу – ұлтымыздың ұлы дәстүрлерінің бірі. Әйел –қоғамның дамуына, ұлттың өркендеуіне үлкен үлес қосады. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық Аналар кеңесі мен оның өңірлік бөлімшелері отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді сақтау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруда.
Бүгін Тараз қаласындағы Достық үйінде «Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт» республикалық жобасының «Азамат тәрбиелеген отбасы» бағыты бойынша «ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ» номинациясымен Сарысу ауданынан Базаровтар отбасы марапатталды.
Аты айтып тұрғандай, Базаровтар отбасы қазақтың болашақ чемпионын тәрбиелеп, өсіріп келеді. Ол Ергешбай Нариман Жансерікұлы, 2006 жылы Сарысу ауданында дүниеге келген.
Нариман 2022 жылы Тараз қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Руспубликасының мектеп гимназия оқушылар арасындағы спортакиадасында жеңімпаз атанды. 2023 жылы Ақтау қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңімпаз атанды. 2023 жылы тамыз айында Ресей мемлекетінде Уфа қаласында белбеу күресінен жасөспірімдер арасында өткен Әлем біріншілігінде жүлдегер атанды.
Ергешбай Нариман самбо күресінен Тараз қаласында жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатының күміс жүлдегері.
«Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» жобасы – ұрпақ тәрбиелеудің озық үлгісін көрсететін бірегей және отбасы құндылығын, ана мен бала арасындағы байланысты нығайтатын жоба.