Магистранттардың ғылыми-зерттеу тәжірибесі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады, оның мақсаты – негізгі құзыреттерді бекіту, оқытылатын мамандық бойынша тәжірибелік дағдылар мен кәсіби қызмет тәжірибесін игеру. Осыған байланысты магистранттардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті болып отырады.
Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің 7М11202 - Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік менеджменті мен аудиті мамандығының 2-курс магистранттары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу институтына тағылымдамадан өтуге барды. Бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Бекмағамбетов жүзеге асырылып жатқан ғылыми-техникалық бағдарламалар, жаңа ғылыми-ақпараттық басылымдар туралы шолу ақпарат берді, алдағы конференциялар, әсіресе KIOSH-2024 халықаралық Қазақстандық конференция-көрмесі туралы хабарлама жасады. Институттың биомониторинг және еңбек гигиенасы, экономикалық өлшемдер және статистика, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімдеріне экскурсия жасады.
Ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өту магистранттарға өндірістік қауіпсіздікті шешудің жүйелі тәсілін игеруге, диссертацияларының тақырыптары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, өз нәтижелерін алуға және түсіндіруге мүмкіндік берді.
Д.М.Акубаева, Н.С.Бергенева, С.Т.Калдыбаева,әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары